8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қазан 2020 1091 0
Дені сау ұлт

ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ АРҚЫЛЫ 47 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШЕТЕЛДЕ ЕМДЕЛДІ

2020 жылдың басынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігі комиссиясының шешімі бойынша шетелге емделуге 47 пациентті жіберді. Оның 31-і  қажетті көмекті толық көлемде алды, 16 қазақстандық емделуді жалғастыруда.

Тағы бес пациент емделуге жолдама күтуде, себебі ауруханаға жатқызу күні кешірек белгіленген.

2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шетелдік клиникалармен 787 млн теңге сомаға шарт жасасты.

Қаражат туыс емес донордан сүйек кемігін транспланттауды жүргізуге, ағзаларды транспланттауға, стереотаксикалық радиотерапияға/радиохирургиялық емдеуге, протондық терапияға бағытталған. Осылайша, шетелде емделетін негізгі аурулар трансплантация, онкогематология және жеке органдардың онкологиясы профильдеріне жатады.

«Қазақстандықтар 2012 жылдан бастап бюджет есебінен шетелге емделуге барады. Бұл бағдарлама біздің елімізде әлі дамымаған немесе өткізілмеген жоғары технологиялық қызмет түрлерін алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін құрылған», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.

Азаматтарды шетелге емделуге жіберу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекет сондай-ақ пациенттің және оның алып жүрушілерінің көлік шығындарын өтейді.

Бағдарлама пациенттер жеке қаражаты үшін шетелдік медициналық клиникаларға емделуге баратын жағдайларға қолданылмайды.

Шетелде емдеудің орындылығы туралы мәселені қарау үшін пациент республикалық денсаулық сақтау ұйымына (ҒЗИ, медициналық орталық) жүгінуі қажет, ол пациентті шетелге емделуге жіберу туралы қорытынды шығарады, құжаттар пакетін ӘМСҚ базасында жұмыс істейтін шетелде емдеуді ұйымдастыру жөніндегі комиссияның жұмыс органының қарауына ұсынады. Жұмыс органы туралы ақпаратты мына сілтеме бойынша табуға болады: https://fms.kz/ru/content/napravlenie-grazhdan-na-lechenie-za-rubezh.

Соңғы шешімді алқалы орган болып табылатын денсаулық сақтау министрлігінің Сараптама комиссиясы қабылдайды. Шетелде ем қабылдауға үміткер пациенттер құжаттарын қарастыру кезеңдерін өз өтінім кодтары арқылы комиссия жұмыс органының бөлімінде қадағалай алады https://info.fms.kz/publicHome/(publicHomeOutlet:WorkBody). Пациенттерге өтінім коды олардың құжаттары жұмыс органына түскен уақытта жұмыс органы қызметкерлерімен беріледі.

Қазақстан Ресей, Беларусь, Түркия, Оңтүстік Корея, Үндістан, Германия, Испания және т. б. алдыңғы қатарлы бейінді клиникалармен ынтымақтастық орнатқан. Шетелдік медициналық ұйымды таңдаудағы негізгі критерийлер – қажетті емдеу бағдарламасының болуы, емдеудің инновациялық әдістерін пайдалану, баға саясаты.

Бұдан басқа, бұл бағдарлама республикалық медициналық ұйымдар базасында Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық қызметтердің дамуын ынталандырады. Тартылған шетелдік мамандар жергілікті дәрігерлерге шеберлік сабақтарын өткізеді.

Жыл сайын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге 100-ден астам пациент жіберіледі, шетелдік мамандарды тарта отырып, мастер-кластар шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда емделуге 30-дан астам пациент жіберіледі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»