КӨПШІЛІК ШАРАЛАРДЫ ШЕКТЕУ – ІНДЕТТІ ЖЕҢУДІҢ ЕҢ БАСТЫ КЕПІЛІ
Коронавирстың екінші толқынының болуы немесе болмауы өзімізге байлынысты. Бұл туралы «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» директоры Надия Ахметова мәлімдеді. Сақтық шараларын сақтау арқылы нәтижеге жетуге болады. Яғни практика жүзінде енгізілген карантиндік шаралар нәтижесін берген сияқты көпшілік шараларды уақытша шектеу – ауруды жеңудің ең басты кепілі.

Коронавирус пандемиясына байланысты түрлі болжам айтылуда. Көптеген сарапшы коронавирустың екінші толқыны болатынын айтып, дабыл қағылды. Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарына сенсек, COVID-19-дың екінші толқыны болатыны сөзсіз, алайда оны өткен айлардағыдай өршітіп алмау өзімізге байланысты. Облыстың бас инфекцинист дәрігері ауруды өршітіп алмау ол дәрігерлерге емес, қарапайым халықтың жауапкершілігіне байланысты. Әзірге «той томалақ», «туған күн», «құдалық» сынды көпшілік шараларды тоқтату қажет. Өйткені бүгінгі күнде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан 41 науқастың дені осындай шаралардан ауру жұқтырғаны белгілі болған.
41 науқастың төртеуі жан сақтау бөлімінде. Қажетті ем дом шаралары тиісті деңгейде жасалуда. Ауруханада барлығы 95 кереует бар. Емдеу ісіне қажетті мамандар оқытылып шыққан. Аурудың алдыңғы кезеңінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының 52 қызметкері қауіпті вирусты жұқтырып алған болса, бүгінде олардың барлығы айығып емдеу ісіне қайта араласыпты. Күні бүгінгі статистикалық мәліметке сүйнер болсақ, облыста ковид 19 инфекциясын алты адам жұқтырса олардың бесеуінде ауру белгілері болмаған.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында бұл аурудан бөлек 95 кереует өзге жұқпалы ауруларды емдеу үшін жасақталуда. Онда 49 науқас емделуде.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу