8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қазан 2020 1170 0
Қоғам

ҚҰТҚАРУШЫ ДОСҚАЛИЕВТЕР – АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 25 ЖЫЛ

     Бүгін – құтқарушылар күні. Осы ретте 20 жыл азаматтық қорғау саласында қызмет атқарған Мәлік Досқалиев пен бүгін де әке жолымен осы саланың ыстығына  күйіп, суығына тоңып жүрген ұлдары Азамат пен Алмат туралы айтуға бел будық. 

Кейіпкеріміз Мәлік Досқалиев мектепті бітіріп, Ресей Федерациясы Могнитогорск кен-металлургиялық институтына оқуға түскен. Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң да азаматтық қорғау саласындағы еңбек жолы бірден бастала қоймаған екен. Мысал ретінде 1988-1995 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы мелиорация және су шаруашылығы бойынша өндірістік жөндеу басқармасының жетекші маманы лауазымында қызмет атқарады. Осылайша өрт сөндіру қызметіне 1995 жылдың қыркүйек айынан бастап, қызмет баспалдағымен жоғары өрлейді. 2008 жылдың қыркүйек айынан БҚО Төтенше жағдайлар департаменті Ақжайық ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болып қызмет еткен жылдары білікті басшы, тәжірибелі маман ретінде ұжымның ұйымшылдығын арттыра білді. Талай жас маманның жігерін жандырып, жөн сілтей алды. Өз бойындағы білім мен тәжірибені өзгеге үйрете білудің өзі де ұлағаттылық. Азаматтық қорғау подполковнигі Мәлік Сабырғалиұлы қанша жас өрт сөндіруші маманға үлгілі ұстаз болғаны үшін бірқатар грамоталар мен марапаттарға ие болған жан. Ол 2015 жылы «бейнеттің зейнетін көрер» жасқа жетіп, құрметті еңбек демалысына шықты. Қазіргі таңда отбасында бала-немерелерінің қызығын көруде.

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» демекші, ұлдары Азамат пен Алмат жастайынан құтқарушы болуды армандаған. Әкесінің күн сайын алапат өртті сөндіріп, қанша адамды құтқарып жүргенін көрген ұлдарының жүрегі осы мамандыққа ұмтылып тұратын.

Үлкен ұлы Азамат Досқалиев Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген соң Ақжайық ауданы полиция бөлімінің мамандандырылған күзет қызметі бөліміне жұмысқа орналасады. Алайда әкесінің жолымен 2017 жылы өрт сөндіру қызметіне ауысып, қазіргі таңда Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында орналасқан №10 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы қызметін атқаруда.

Екінші ұлы Алмат Сабырғалиев Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін аяқтағаннан кейін 2014-2016 жылдардың аралығында Маңғыстау облысында «жол құрылысы» саласы бойынша қызмет атқарған. Бірақ бала кезіндегі арманын іске асыру мақсатында 2016 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері лауазымына орналасып, адал қызмет атқаруда.

Ұлдары әкесі қол жеткізген деңгейді дәлелдеуі керек, осы жолда аянбай еңбек етуде.

Мәлік Сабырғалиұлы Досқалиевтің жоғары принциптерін басшылыққа ала отырып, жастардың тапқырлығымен, жастығы және қайсарлығымен үйлесімді ұштастыра отырып, баға жетпес жұмыс тәжірибесін қабылдай отырып, жас инженерлер Батыс Қазақстан облысының азаматтық қорғау гарнизоны тарихының беттеріне өзінің есімдерін жазады деген үміттеміз.

Азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 толуына орай Досқалиевтер отбасын мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс, мықты денсаулық тілейміз!

Ақжайық ауданы ТЖБ инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Кенжеғали Еламан Болатұлы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»