8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қазан 2020 1071 0
Қоғам

ОРАЛДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Орал»  орталық мешітінде ІХ республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан іріктеу сайысы өтті. Бұл туралы ҚМДБ БҚО бойынша баспасөз қызметі хабарлады. 

Алдымен қатысушыларға  Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде айтылып, жарысқа қатысушыларға  кеңінен түсіндірілді. Сайысқа Мұратбек Мұхтарханұлы мен Ерген Қонысұлы, «Орал» медресесінің ұстазы Оразбек Жамбылұлы төрелік етті.

Құран жарысына  қатысушылар толық Құранды жатқа оқудан, Құранның 20 парасын жатқа оқудан, Құранның 10 парасын жатқа оқудан және Құранды мәнерлеп оқу  номинациялары бойынша бақ сынады.

Сайыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен махражына, оқу мәнеріне мән беріліп, нәтижесінде Құранның 30 парасын жатқа оқу номинациясы  бойынша Мұқамедсали Мұқамедсахиұлы, Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша Нұрмұхаммед Әбдімүтәліпұлы, Құранның 10  парасын жатқа оқу бойынша Рамазан Пернебекұлы және мәнерлеп оқу бойынша Мейрамбек Ақылбекұлы жеңімпаз атанып, Нұр-Сұлтан  қаласында өтетін ІХ республикалық Құран жарысына жолдама алды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
84 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
120 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
215 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
198 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»