8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қазан 2020 1355 0
Өзек

БҚО-ДА ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫ ӨЛТІРГЕНДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Ермаханов мәлім еткеніндей, А.Черняков пен В.Колыванов марқұмдардың өліміне айыпты деп танылды. БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен А.Черняков 23, сыбайласы 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаларын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтың айтуынша, 3 сәуір күні Бәйтерек ауданы полиция бөліміне өртеніп кеткен Volkswagen Jetta автокөлігінің табылғаны жөнінде хабар түскен. Тексеру барысында автокөліктің Үлкен Шаған ауылының тұрғыны Павел Чирковқа тиесілі екендігі, оның азаматтық некеде тұратын әйелі Ирина Ханмен бірге жоғалып кеткені белгілі болды. Кейін жедел іздестіру шаралары мен бірқатар сараптамалар нәтижесінде В.Колыванов пен А.Черняков ұсталды. Олардың жауабына қарағанда, 26 наурыз күні Колесов ауылында А.Черняковтің әкесінің үйінде болған. Осы үйде А.Черняков пен ерлі-зайыпты П.Чирков әжне И.Ханның араларында ұрыс-керіс туындап, ерлі-зайыптыларды ұрып-соққан. Одан соң жәбірленушілерді ес-түссіз халде П.Чирковтың автокөлігімен Шағанның жағасына апарып, күрекпен ұруын жалғастырған. Өлгендеріне көздері жеткеннен кейін оларды көміп тастап, автокөлікті өртеп жіберген.

Б.Белгібековтың сөзіне қарағанда, биылғы тоғыз айда өңірде 23 кісі өлтіру дерегі тіркеліп, соның 22-сі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданған. Ашылу деңгейі 91,7 пайызды құрап отыр. Еске сала кетейік, сәуір айында осы қылмыс бойынша БҚО-да екі адамды өлтірді деген күдікпен 2 тұрғын ұсталып, кейін олардың қамауға алынғанынған еді.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
95 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»