«OPEN SPACE» ФОРМАТЫНДА КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН СЕССИЯ ӨТТІ
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 9 қазанда сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін, «Мемлекеттік сатып алуға қатысу барысындағы кедергілер» мәселесі бойынша «Open Space» форматында кезекті онлайн сессиясын өткізді.

Аталмыш алаңның жұмысын, Департамент басшысы Канат Билялов ашты. Ол өзінің алғысөзінде, бұл жаңа формат ең алдымен монополияға қарсы реттеушілер, бизнес пен тұтынушылар арасындағы қашықтықты азайтуға, қымбат уақытты үнемдеуге, ашықтық пен пікірлердің еркін алмасуына бағытталғанын атап өтті. Сессияға нарық субъектілері, бизнес қауымдастықтар, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ тұтынушылар қатысты.
«Open Space» форматындағы, аталған сессияны өткізу шеңберінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде бәсекелестікті шектейтін мынадай фактілер анықталды:
– бір лотқа бір-бірімен байланысты емес қызметтерді сатып алуды біріктіру, бұл өз сегментінде бұрыннан келе жатқан монополистер болып табылатын нарық субъектілерінің жеңісіне әкелді, яғни бұл жерде сатып алу » нақты бір » нарық субъектісіне дайындалды деп айтуға болады;
– әлеуетті өнім берушіден елеулі материалдық және адами ресурстарды талап ететін аумақтық қағидат бойынша» лоттарды ірілендіру»;
– әлеуетті жеткізушілерге қойылатын артық, негізсіз біліктілік талаптарының болуы: техниканың шамадан тыс саны, бұл ретте, көбінесе белгілі бір өндірушілердің маркалары, жұмыс тәжірибесі және сол сияқтылар талап етілетін, яғни талаптар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің көпшілігі оларды «тарта»алмайтындай етіп жасалған.
Онлайн кездесулердің қорытындысы бойынша «кедергілер картасы» құрылды, ол Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлерінің жұмыс барысында туындайтын мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде бәсекелестікті шектеуден, мемлекеттік органдардың экономикалық процестерге шамадан тыс араласуынан, нарыққа кіруді ынталандыруды төмендететін өндірістік емес шығындарды арттыратын өзге де процестерден тұрады.
Сондай-ақ, онлайн сессияны қорытындылай келе кездесуге қатысушылардың барлығы «Open Space» форматындағы байланыс идеясын оң бағалады және барлық қатысушыларға проблемалар мен оларды шешу жолдарын нақтылау үшін берілген форматта жұмысты жалғастыруға тілек білдірді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу