ЕКІ ЗЕЙНЕТКЕРДІ АЯУСЫЗ ӨЛТІРГЕНДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ
Қатыгез қылмыскерлердің біреуі 21, екіншісі 23 жылын енді темір тордың арғы жағында өткізеді.

2019 жылдың 7 қыркүйегінде Орал қаласы Циолковский көшесі 53 мекенжайында1934 жылғы Матрена Кулакованың және оның 1959 жылғы ұлы дәрменсіз жағдайдағы, яғни церебралды сал ауруымен ауыратын, екінші топ мүгедегі Константин Кулаковтың денесі табылған еді. Қылмыскерлер зейнеткерлердің үйінен 130 мың теңге көлеміндегі ақша және 75 мың теңгеге бағаланатын алтын бұйымдар ұрлаған. Қатыгездікпен жасалған қылмыс қаланы дүр сілкіндірген еді. Қылмысты ашуға Полиция департаментінің барлық күші жұмылдырылып, полицейлер қылмыскерлерді ұстады.
– Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес екеуінің де өлімі тұншығу және жабық бас-ми жарақатынан болған. Қылмыскерлер өздерінің арам пиғылдарын мұқият ойластырып, іс жүзінде ешқандай дәлел қалдырмаған. Қылмыстық іс біраз уақыт ашылмады. БҚО Полиция департаменті бастығы М.Аблазимовтың тапсырмасымен құрамына үздік криминалистер және тергеушілер енгізілген арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Көптеген нұсқалар қаралды. Тіпті осы іске жанама түрде қатысы бар немесе іс бойынша кез келген ақпаратқа ие адамдар тексерілді. Жүргізілген кешенді жедел тергеу шаралары барысында үш адам күдікке ілінді. Олар 1992 жылғы «Т», 1993 жылғы «З», 1991 жылғы «К» атты азаматтар. Олардың біреуі өз кінәсін мойындап, ұрланған мүлікті сату орындарын көрсете отырып, тергеумен ынтымақтасуға келісті. Қалған екеуінің кінәсі тергеу арқылы дәлелденді, – деді БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.
БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 1992 жылғы А.Тюклинді 23 жылға, 1993 жылғы М.Зимухановты 21жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ал 1991 жылғы А.Кибашев ұрлық жасағаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу