8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қазан 2020 1267 0
Өзек

КАФЕДЕН КОНДИЦИОНЕР ҰРЛАҒАН

2 қазанда Орал қаласы Полиция басқармасының КПб жедел уәкілдері құрамында екі жігіт бар қылмыстық топты ұстады. Екеуі жымысқы ойларын жүзеге асырмақ болып, түнгі сағат 23.00-ден соң ұрлық жасауға бел шешкен. Бұл туралы Орал қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Түн қараңғысын пайдаланған екеуі  қала ішіндегі бір кафенің терезесін ішке қарай итеріп ашу арқылы ішке еніп, кафе ішінде тұрған «Алкомат» маркалы кондиционерді көтеріп шыққан. 1973 жылғы кәсіпкерге 1 миллион 500 мың теңге шығын келді.

Оқиға орнына шұғыл барған полиция қызметкерлері 1995 және 1996 жылғы екі жігітті құрықтады.

– Бұған дейін де тонау, ұрлық, бұзақылық сынды қылмыспен істі болған Оралдық екі күдікті ұрлағандарын мойындады. Басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардан қымбатқа бағаланатын кондиционер тәркіленіп, өз иесіне қайтарылды. Қылмыстық іс қозғалды, – деді Орал қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметкері Гүламан Исмағұлова.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
204 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
191 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
411 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»