АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНДАҒЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА
Жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары БҚО жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасының өкілдерімен бірлесіп Ақжайық ауданы бойынша жүргізіліп жатқан 4 нысандағы жол жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді.

Биыл Ақжайық ауданының Жайық, Алғабас, Ілбішін, Жаңабұлақ ауылдарының кіреберіс жолдарына күрделі жөндеу жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда, Жайық ауылының кіре беріс 3,24 шақырым жолы, Алғабас ауылына кіре беріс 36,1 шақырым жолы, Ілбішін ауылына кіре беріс 4 шақырымдық жолы, Жаңабұлақ ауылына кіре беріс 3,3 шақырымдық жолы асфальтталуда.
Мониторинг барысында анықталғандай, Ақжайық ауданы Жайық ауылының кіре беріс жолын күрделі жөндеу учаскесінде 12 (100%) өлшемнен – 3 (25%) өлшемнен тұратын көлденең еңістер нормативтік-техникалық құжаттамада рұқсат етілген ауытқуларға және жұмыс жобасының талаптарына сәйкес келмейді, бұдан басқа, асфальт-бетон жабында елеулі айырмашылықтар бар, технологиялық жанасу орындарында (асфальт төсеуіштің старт және тоқтауы) 3 метрлік рейканың астындағы саңылаулар 8 мм-ден 18 мм-ге дейін құрайды, бұл нормативтік-техникалық құжаттан ауытқуды көрсетеді.
Сонымен қатар, ПК5-де бір қабатты жабындыдан сынамаларды іріктеу кезінде кернмен бірге негіздің жоғарғы қабатынан топырақ тұнбасы алынды, аталған факт мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасы өкілдерімен жол конструкциясын қосымша жұмыс жобасына сәйкес егжей-тегжейлі тексеруді және өлшеуді талап етеді.
Ілбішін ауылының кіре беріс жолын күрделі жөндеу учаскесінде РДУ – Кондор үш метрлік рейкасын қолдана отырып аспаптық тексеру нәтижесінде 16 (100%) өлшемнен-4 (25%) өлшемнің көлденең еңістері нормативтік-техникалық құжаттамада жол берілетін ауытқуларына және сонымен бірге төсемнің қалыңдығы жұмыс жобасының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.
Сонымен қатар Алғабас ауылына кіре беріс жолын күрделі жөндеу және Жаңабұлақ ауылына кіре беріс жолын орташа жөндеу нысандары бойынша «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандарымен тиісті сараптама үшін керн және қоспа сынамасына іріктеу жүргізілді.

Айта кетейік, жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу