«ГАЗ-ХИМИЯ САЛАСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ДРАЙВЕРІНЕ АЙНАЛУЫ ТИІС»
Бүгін облыстық мәслихаттың 38-ші кезекті сессиясында өңір басшысы Ғали Есқалиев ағымдағы жылдың сегіз айында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы депутаттар алдында есеп берді.

Өңір басшысының мәліметінше, өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға өсіп, 1,2 трлн. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібінде металлургия және машина жасау салаларының төмендеуі байқалады. Бұл коронавирустың салдарынан ресейлік кәсіпорындардың біздің өнімді сатып алу көлемінің уақытша төмендеуімен байланысты. Сонымен бірге дайын металл өнімдері, құрылыс индустриясы, тамақ өнімдері, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі, резеңке және пластмасса өнімдері өндірісінде өсім бар. Өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 2020 жылдың бірінші тоқсанында 0,5 пайызға өсіп, бір адамға 9 миллион теңгені құрап отыр.
– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біздің зауыттардың жүктемесін қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Осылайша, «Зенит» зауыты, «Батыс Қазақстан машина жасау» және «Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институты» АҚ жалпы сомасы 10 миллиард теңгеге мемлекеттік қорғаныс тапсырысын алды. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында атап өткендей, мұнайдың ұзақ супер циклі аяқталуға жақын. Қазақстанның батыс аймақтары мұнай-химия кешендерін салуға және қосылған құны жоғары жаңа өндіріс циклдарын құруға инвестицияларды тартуы керек. Аймақ үшін бұл мәселе өте өзекті, өйткені жоғары өндіріс құрылымында негізінен мұнай мен газ өндірісі ұсынылатын тау-кен өнеркәсібі 40 пайыздан асты. Біздің бұл үшін үлкен әлеуетіміз бар. Болашақта газ-химия саласы аймақтағы экономикалық өсудің драйверіне айналуы керек, – деп атап өтті облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы.
Айта кету керек, осы орайда «Жайықпетролиум» ЖШС метанол өндірісі үшін газ-химия кешенін салу жобасын бастаған. Бұдан әрі облыс басшысы өңірдің агроөнеркәсіп, кәсіпкерлік, тұрғын үй құрылыс, өзге де салаларына жеке-жеке тоқталып, атқарылған оңды істерді жеткізді, болашақтағы жоспарлармен бөлісті.
Сессияда қаралған мәселелердің жалғасын газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу