8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қыркүйек 2020 2676 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқарма басшысының лауазымына Халиуллин Жасұлан Жолдыбайұлы тағайындалды.  Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Халиуллин Жасұлан Жолдыбайұлы – 1985 жылы туған. Білімі жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «есеп және аудит бакалавры», «құқықтану бакалавры» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

– Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық қазынашылық бөлімінің жетекші және бас маманы;

– Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаменті экономикалық талдау, жоспарлау және жиынтық ақпарат бөлімінің бас маманы;

– Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы экономикалық талдау, жоспарлау және жиынтық ақпарат бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады.

2015 жылдан Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
111 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
205 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
193 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
414 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»