8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қыркүйек 2020 1357 0
Қоғам

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАЛИ ЕСҚАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

 Қазақстан Президентіне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ, бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде баяндалды, деп жазды akorda.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жайық өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі, өңірдің энергияға тәуелділігі және жергілікті жолдардың жағдайы сияқты облыстағы негізгі мәселелер туралы мәлімет берілді. Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкіміне Үкіметпен бірлесе отырып, аталған проблемаларды шешуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев етті мал шаруашылығын дамыту және осы бағытқа ғылыми тұрғыдан баса мән беру, мұнай мен газ өндіруге қатысы жоқ салаға тартылатын инвестицияны ұлғайту, өнеркәсіпті әртараптандыру, сондай-ақ, өңдеу секторының өндірісін арттыру жөнінде Ғали Есқалиевтің алдына бірқатар міндет қойды.

Мемлекет басшысы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды экономикалық қызметке тартуды жалғастыруға, сонымен қатар аймақтағы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселелерді түбегейлі шешуге тапсырма берді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
100 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
340 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
333 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»