ПРЕЗИДЕНТТІК КАДР РЕЗЕРВІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫН» ӨТКІЗДІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа форматтағы «Адалдық сағатын» өткізді. Бұл «Адалдық сағаты» қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға, замандас және табысты жас көшбасшы Ренат Бектұровты танытқанымен ерекшеленді.

Ренат Бектұров 1984 жылы 13 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Astana International Exchange Басқарма мүшесі. Қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар. Ол ТМД аймағындағы сукук (ислам бағалы қағаздары) алғашқы шығарылымы сияқты борыштық капитал нарығындағы бірқатар маңызды мәмілелерге қатысқан. Ренат Лестер университетін үздік бітіріп, банк ісі және қаржы саласында магистр дәрежесін иеленген, сондай-ақ сертификатталған қаржы аналитигі дәрежесіне ие (CFA Charter Holder). Президенттік жастар кадр резервінде бірінші орынға ие болды.
Р.Бектұров өз сөзінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып, «Парасаттылық деген талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым сияқты адами қасиеттердің жиынтығы», – деді.
Сондай-ақ жастарды табанды еңбек етуге, тұлғалық дамуға және патриот болуға шақырды. Оның пікірінше, жетістіктің құпия тұздығы – сәттілік, бірақ негізгі құрамдас бөлігі – еңбек.
Ол өзінің жеке өмірі мен мансабында жетістікке жетуге мүмкіндік берген әділеттілік пен адалдық сияқты өмірлік құндылықтарымен бөлісті.
Бейне-дәріс барысында көрермендер қандай мектеп мұғалімі өміріне әсер еткенін, оның ойынша жастар үшін сәттіліктің кепілі не екенін және зияткерлік ұлтты қандай қасиеттерді анықтайтынын білді.
Бәрімізге белгілі, «Адалдық сағаты» акциясының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту.
Бейне-дәріске сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=B1Ut1GzT00E&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN&index=4
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу