«АРДАГЕР» КЛУБЫ ЖАҢАРДЫ
«Қала күні» мерекесі аясында бүгін, 25 қыркүйек күні Орал шаһарындағы жаңартудан өткен «Ардагер» клубы пайдалануға берілді.

Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қалалық мәдени-ағарту бірлестігі жанындағы «Ардагер» клубы 2009 жылы құрылған. Қаладағы ардагерлердің мәдени-рухани талабын қанағаттандыру, мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру, жастарға тәрбие үлгісін көрсету, ұлттық асыл қазына – салт-дәстүр мен халық музыкасын насихаттау мақсатында жұмыс жасайтын клубқа бүгінде 100-ден аса ардагер мүше.
Қала әкімі Абат Шыныбеков клуб мүшелерімен кездесуде «Қала күнімен» құттықтап, ардагерлердің еліміздің алтын қоры екенін атады. Сондай-ақ зейнетке шықса да жас ұрпаққа тәрбие беруде белсенділік танытып қоғамдық шаралардан табылып жүрген ардагерлерге ризашылығын айтып, ыстық лебізін жеткізді.
Облыстық ардагерлер кеңесі мәдениет және спорт бөлімінің төрайымы Гүлсім Кадешова «Ардагер» клубы мүшелері атынан аға буын өкілдері бас қосатын орынды жаңартудан өткізуге ықпал еткен қала басшысына алғысын білдірді.
Қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің басшысы Серік Тоқмамбетовтың мәліметінше, клубты жаңарту үшін қалалық бюджет есебінен 6 млн. теңге бөлінген.
– Ағымдағы жөндеу жүргізіліп, шара өткізу бөлмесі безендірілді. Сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтар алынды. Клуб мүшелері белсенді, өнерлі. Клуб жанында «халықтық» атағы бар «Ару аналар» мен «Ағалар әуені», «Асыл әже», «Нарын сазы» вокалдық топтары бар. Сондай-ақ «Ардагер» клубына қарасты «Шахмат» клубы да жұмыс жасауда. Мұнда зейнеткерлеріміз бас қосып, бос уақыттарын жақсы өткізеді, – дейді Серік Әнуарұлы.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті

Кіру
Пікір үстеу