8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қыркүйек 2020 1262 0
Қоғам

ҚР ҮКІМЕТІ РЕЗЕРВІНЕН БҚО ОҚУШЫЛАРЫНА 600 ПЛАНШЕТ ЖЕТКІЗІЛДІ

Бүгін, 18 қыркүйекте «Aqjayiq – adaldyq alany» жобалық кеңсесі, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің және мемлекеттік мекемелер өкілдерінің қатысуымен БҚО білім басқармасында мектептерге арналған компьютерлік техниканы бөлу бойынша  жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Бұған дейін хабарлағанаымздай, қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру мақсатында БҚО әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына уақытша пайдалануға беру үшін ҚР Үкіметінің резервінен 14970 бірлік компьютерлік техника (компьютерлер – 1558 бірлік, планшеттер – 2018 бірлік, ноутбуктер 11394 бірлік) сатып алуға 2 318 399 596 теңге сомасында қаражат бөлінген болатын.

Оның алғашқысы, 8  қыркүйекте жеткізіліп, 735  планшет Орал қаласы, Жаңақала, Сырым аудандары оқушыларына таратылды, оданк кейін, 1500 келген 1500 ноутбук Орал қаласы, Теректі және Бәйтерек аудандарындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына берілді.

Бүгінгі күні «Казинтерсервис» ЖШС компьютерлік техниканың бір бөлігін, нақтырақ айтқанда 600 планшетті жеткізіп отыр. Бұл планшеттер Ақжайық, Бөкейордасы, Бөрлі, Жәнібек, Қазталов, Қаратөбе, Тасқала және Шыңғырлау аудандарындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға берілетін болады.

Еске сала кетейік, осы аптаның басында өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте  БҚО білім бөлімінің басшысы Айгүл Мыңбаева ҚР Үкіметінің резервінен сатып алынатын компьютерлік құрылғылар 1 қазанға дейін толығымен өңірге жеткізілетінін мәлім етті.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
76 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
114 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
209 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
415 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»