8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қыркүйек 2020 1601 0
Жалын

АРДАГЕРЛЕРДІҢ «ЖАУЫНГЕРЛІК ЖОЛЫ» – ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ КӨЗІ

16 қыркүйек күні «Үркер» өнер және мәдениетті қолдау орталығы» жеке қорының ұйымдастыруымен жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында тағылымды қос кездесу шарасы ұйымдастырылды.


«Жауынгер жолы» атты бірінші кездесу Батыс Қазақстан «АТиСО» академиялық колледжінде өтті. Бұл кездесудің қонағы ардагер Дунько Иван Архипович болды.

Дунько Иван Архипович концлагерьге тұтқынға түскенде небәрі алты жаста болған. Сол жылдары көрген қиыншылықтары мен басынан өткізген оқиғаларымен бөлісіп, келешек ұрпақ ешқашан соғыс көрмесін деген тілегін білдірді.

Екінші кездесу соғыс ардагері Петр Яковлевич Авдеевтің үйінде өтті. Петр Яковлевич соғыс кезіндегі оқиғаларын еске алып, шайқаста қаза болған достарын есіне алып, көңілі босады. Кездесу соңында келген оқушыларға алғысын айтып, өз батасын берді.

Екі кездесу барысында студенттер ардагерлермен еркін сұқбат жасап, ардагерлердің «Жауынгерлік жолы» туралы әңгімесінен жігер ала білді.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
96 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
328 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»