«ҚИЯЛ ҚАНАТЫМЕН» СӨЗ БЕН БОЯУДЫ ҮНДЕСТІРГЕН
Көркем сөз шебері, ақын, қазақ халқының ерлік дәстүрі суреттелген «Мен – қазақпын» поэмасының авторы Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл толуына орай БҚО мәдениет басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылығы орталығы «Қиял қанаты» атты республикалық дуэттік онлайн байқау жариялаған болатын. Ақындар мен суретшілердің дуэттік үйлесімділігі сынға түсер байқауға 17 жұптың туындысы қабылданған. 15 қыркүйек күні қазылар құрамы туындыларды талдап, өз бағаларын берді.

Республикада алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқаудың ерекшелігі – суретші мен ақын өз шығармаларын бір-біріне байланыстырып, сайысқа ұсынуы тиіс, яғни сөз бен бояу үндестігі басты назарға алынады. Байқаудың тағы бір ерекшелігі – үміткерлердің туындылары лақап атпен ұсынылған. Бұл бармақ бастыға салынбай, жүлделердің әділ берілуінің бір кепілі болмақ. Ұйымдастырушылардың сөзінше, байқау туралы сәуір айында хабарланып, 10 қыркүйекке дейін жұмыстар қабылданған. Осы уақыт аралығында Алматы, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан 34 үміткер, яғни 17 жұптың туындысы түсіп отыр.
Дуэттік жұмыстарды Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты Ғайсағали Сейтақ, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Мұнайдар Балмолда, жұбантанушы Үзілдік Елеубаева сынды ақындар, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, доцент, өнертанушы Қуандық Мәдір, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Көркемсурет Академиясының корреспондент мүшесі Қайыр Оразғалиев сынды суретшілер зерделеп, ақын тұлғасын ашуда үйлесімділікпен орындалған шығармаларды іріктеді.
Жүлдегерлер 20 қыркүйек күні жарияланбақ.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу