8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Қыркүйек 2020 1201 0
Қоғам

ҚР ҮКІМЕТІ РЕЗЕРВІНЕН БҚО ОҚУШЫЛАРЫНА 1500 НОУТБУК ЖЕТКІЗІЛДІ

ҚР Үкіметі резервінен өңірге 1500 ноутбук жекізілді. Бүгін, 15 қыркүйекте «Aqjayiq – adaldyq alany» жобалық кеңсесі, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің және мемлекеттік мекемелер өкілдерінің қатысуымен БҚО білім басқармасында мектептерге арналған моноблоктарды (компьютерлерді) бөлу бойынша  жұмыс тобының отырысы өтті.

Қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру мақсатында БҚО әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына уақытша пайдалануға беру үшін ҚР Үкіметінің резервінен 14970 бірлік компьютерлік техника (компьютерлер – 1558 бірлік, планшеттер – 2018 бірлік, ноутбуктер 11394 бірлік) сатып алуға 2 318 399 596 теңге сомасында қаражат бөлінген болатын.

Бүгінгі күні «Казинтерсервис» ЖШС компьютерлік техниканың бір бөлігі (1500 ноутбук) жеткізілді.

Бұл планшеттер Орал қаласы, Теректі және Бәйтерек аудандарындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға берілетін болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін, яғни 8 қыркүейекте ҚР Үкіметінің резервінен 735 планшет жеткізіліп, Орал қаласы, Жаңақала, Сырым аудандары оқушыларына таратылған болатын.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
110 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
166 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
230 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
264 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
309 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»