ПРАЙМЕРИЗ: «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ЖАҢА МҮШЕЛЕР ҚАБЫЛДАУ 4 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ТОҚТАТЫЛДЫ
Бүгін Праймериз өткізу жөніндегі Орталық ұйымдастыру комитетінің отырысында «Nur Otan» партиясына жаңа мүшелер қабылдауды биылғы 11 қыркүйектен 4 қазанға дейінгі аралықта, яғни дауыс беру аяқталғанға дейін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Соңғы кезде бізге жекелеген азаматтардан «өз» кандидаттарына дауыс бергізу мақсатында партияға мәжбүрлеп кіргізу туралы «арыздар» түсуде. Бұған мүлдем жол беруге болмайды деп есептеймін. Мұндай әрбір фактіні түрлі деңгейдегі партиялық бақылау комиссиясы жан-жақты қарайтын болады.
Жарғымызға сәйкес партияға мүше болу еліміздің әрбір азаматының ерікті және өзіндік таңдауы болып табылатынын тағы да атап өткім келеді. Сонымен, 1 тамыздан бері «Nur Otan»-ға 25 мыңдай жаңа белсенді азамат мүшелікке өтті. Соңғы жылдары «партияластар қатарын тазарту» аясында «Nur Otan»-нан 256 мың адам шығарылған болатын. Бүгінде партиямыз қатарында барлығы 835 мың қазақстандық бар» деп жазды Бауыржан Байбек.
Сондай-ақ, ол дауыс беру кезінде онлайн-дауыс берудің айқындығын қамтамасыз ету үшін қандай тәсіл қолданылатынын атап өтті.
«Өздеріңізге мәлім, праймеризде онлайн-дауыс берудің айқындығын қамтамасыз ету үшін біз арнайы растау (верификация) жүйесін пайдаланып отырмыз (тұлғаны интернет-банкинг үлгісі бойынша анықтау). Жүйенің принципі: «Бір дауыс, бір ЖСН, бір мобильді нөмір және бір IP-адрес». Егер осы деректердің бірі сәйкес келмесе, онда адам «праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркеле алмайды, яғни дауыс бере алмайды. Мұның барлығы түрлі айла-шарғыға, бұрмалаушылықтарға, сондай-ақ ықтимал жаппай дауыс беруге жол бермеу мақсатында істеліп отыр», – деді ол.
Сөз соңында Партия Төрағасының бірінші орынбасары барлық тәртіп бұзу фактілері бойынша 8 (800) 080 4441 (қоңырау соғу тегін) жедел желісіне не komek@nurotan.kz электронды почтасына хабарлауға болатынын айтты.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу