БҚО-ДА 1326 ЕРІКТІ ӨРТ СӨНДІРУ ҚҰРЫЛЫМЫ БАР
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Таубеков 2020 жылғы өрт қауіпті кезеңде орманды-дала алқаптарында жүргізілетін профилактикалық жұмыстар туралы баяндады.

өңірдегі шаруашылық жүргізу объектілерінде жеке құрамы 17380 адам, 362 бірлік бейімделген техникасы бар 1326 ерікті өртке қарсы құрылымдар құрылған. Олар табиғи өрттер мен жануларды жоюға тартылады. Спикердің мәліметінше, табиғи жанулар мен өрттерді жоюға ерікті өртке қарсы құрылымдардың қатысуының оң ықпалы бар. Сонымен қатар апта сайын азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері және жергілікті атқарушы органдардың қатарынан 67 адамы бар 14 мобильді топ іргелес аумақты айналып өтеді.
– Есепті кезеңде 238 рейд жүргізіліп, 212 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзылуы анықталды. Талаптардысақтамаған 202 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 64-і айыппұл түрінде өтесе, 139 адамға ескерту жасалды.
Табиғи өрттердің алдын алу үшін облыстың 150 елді мекенінде елді мекендерге іргелес аумақты құрғақ өсімдіктерден және жанғыш қоқыстан тазарту жүргізілді. Елді мекендердің айналасында 2165 км. минералдандырылған жолақтар құрылды, – дейді Нұрлан Сейдаханұлы.
Аудандық бөлімшелердің азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері әлеуметтік желілерде аудандық әкімдіктердің платформасы арқылы өрт қауіпті кезеңде табиғи өрттердің алдын алуға бағытталған шаралар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
– Карантиндік шектеулердің біртіндеп жеңілдеуіне байланысты халықтың табиғат аясына шығып демалуы жиілеп кетті. Құрғақ шөп, қураған жапырақтар, желді ауа – райы, мұның бәрі үлкен өрттердің пайда болуына қолайлы факторға айналады. Орман саябақтарындағы қураған шөп, құрғақ өсімдіктері тез тұтанғыш болады. Сөндірілмеген темекінің тұқылы тез үлкен өртке айналады. Сондықтан табиғи өрттер мен жанулардың алдын алу мәселесі басымдық алады, – дейді азаматтық қорғау майоры Н.Таубеков.
Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін міндетті түрде сақтау қажеттілігі туралы ескерткен Нұрлан Сейдаханұлы қоқысты немесе құрғақ шөпті өртемеуге, төтенше және қауіпті жағдайларды болдырмас үшін балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу