Қ.ЕСЕНДИЯРОВ: «СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ МАМАНДАР ТАПШЫ»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын талқылаған БҚО активінде БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров дене тәрбиесінің өзекті мәселелерін шешуде жүйелі жұмыстың қажет екенін және еңбекақының аздығына байланысты жаттықтырушылардың тапшылығын қозғады.

– Мемлекет басшысы қоғам өмірі түбегейлі өзгеріске ұшыраған қазіргідей кезде халықтың денсаулығын нығайту, ол үшін бұқаралық спортты дамыту – басты мәселе екенін атап өтті. «Салауатты жастардың, қуатты ұлттың негізі – бұқаралық спорт» деп Президент өз Жолдауында тайға таңға басқандай нақты бағытты айқындап берді. Жас ұрпақтың денсаулығы мықты болуы мектепте жүргізілетін дене тәрбиесі сабақтарына, сол сабақтарда алған білім-дағдыларына тікелей байланысты. Сондықтан дене тәрбиесінің өзекті мәселелері шешім табуы кешенді, жүйелі жұмыстарды қажет етеді. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген ұлы Абайдың даналығы білім, спорт, медицина салаларының адам өміріндегі маңыздылығына дәлел. Биылғы әлемдік пандемия осы үш саланың біршама өзгерістеріне себеп болып, адамдардың денсаулығы мықты болуы үшін дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануы қажет екеніне көздерін жеткізді. Мемлекет басшысы «Бұқаралық спорт пен дене шынықтыру, әсіресе балаларға көңіл бөлу керек. Әрбір аймақта, ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу қажет. Өскелең ұрпақтың күш-қуаты мен қызығушылықтарын дұрыс арнаға бағыттауымыз тиіс. Себебі балалар біздің мемлекетіміздің ертеңі» деп жас ұрпақтың тәрбиесінің өзектілігін атап өтті. Күні бүгінде спорт саласындағы өзекті мәселелердің бірі жас жаттықтырушыларды тарту болып отыр. Бұл жердегі басты мәселе – қаражат. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде жаттықтырушы мамандар тапшы. Бұл жаттықтырушы еңбекақысының төмендігіне байланысты. Мысалы, орта білім беретін ұйымдарда дене тәрбиесі мұғалімінің жүктемесі – 18 сағат. Алатын еңбекақысы – 172 333 теңге. Ал спорт саласындағы жаттықтырушының жүктемесі 24 сағат, еңбекақысы – 72 558 теңге. Осыған орай спорт саласы бойынша жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандар көбіне мектептегі мұғалімдік жұмысты таңдап, спорт мектептеріндегі жаттықтырушылық қызметті кәсіп етпей отыр. Бұл жағдай жоғары жетістіктер спортының толыққанды дамуына кері әсерін тигізуде. 2020 жылдан бастап жаттықтырушылардың еңбекақысы 25 пайызға артып, орташа айлық еңбекақысы – 90 700 теңгені құрады. Дейтұрғанмен, қазіргі кезде мұның өзі аздық етеді және мектеп мұғалімінің еңбекақысымен айырмасы жер мен көктей. Осы аталған мәселелерді шешудің бір нұсқасы – спорт саласын оңтайландыру деп есептеймін. Мемлекет басшысы Жолдауда спорт саласы бойынша кәсіби спорт клубтарына қатысты мәселеге көзқарасын білдірді. «Қаржы жетіспеушілігі жағдайында кәсіби спорт клубтарын толықтай бюджет қаражаты есебінен ұстаудың еш маңыздылығы жоқ. Мемлекет және квазимемлекеттік сектордың миллиардтаған қаражаттары тиімсіз жұмсалуда» деп мемлекет қаражатын үнемдеу қажетін көрсеткен. Спорт саласындағы осындай өзекті мәселелерді шешу бағытында біздің өңірімізде де біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші тамызында спорт саласы бойынша 57,5 штаттық бірлік қысқартылды. Қысқартуға ұшырағандардың 30 пайызы әкімшілік қызметкерлер болса, қалғаны техникалық қызмет көрсетуші персоналдар. Нәтижесінде ағымдағы жылдың қалған бес айында 28 миллион теңгеден астам қаржы үнемделеді. Өз кезегінде осы үнемделген қаражатты жаттықтырушылардың немесе өзге де қызметкерлердің еңбекақысын өсіруге бағыттауға болады. Алайда, өкінішке орай қолданыстағы заңнама мұндай мүмкіндік бермей отыр. Осы бағытта тиісті уәкілетті органдарға ұсыныс жолдауға қолдау көрсетуіңізді сұраймын, – деді Қаймен Есенаманұлы.
Соңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу