8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қыркүйек 2020 1456 0
Өзек

БҚО-ДА БІР ОТБАСЫН ӨЛТІРІП КЕТКЕН ҚАРАҚШЫЛАР РЕСЕЙДЕН ІЗДЕСТІРІЛУДЕ

Батыс Қазақстан облысында бір отбасын бауыздап кеткен қанды қол қарақшылар Ресейден іздестіріліп жатыр. Оралдық полиция Ресейдің көршілес облыстарына арнайы сұрау салыпты. Дегенмен қылмыстық істі тергеу амалдары қазір тоқтап тұр.

Облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Николай Колоницкийдің айтуынша, тергеу мерзімі уақытынан асып кетіпті. Яғни, ол процессуалдық тұрғыда тоқтатылды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қаңтардың 14 күні Янайкин ауылында қанды оқиға тіркелген. Запромётовтер отбасын белгісіз біреулер бауыздап кетіп, елді дүрліктірген еді. Қылмысын жасыру мақсатында қарақшылар үйді өртеп кеткен. Ал ауылдастары Запромётовтердың ешкіммен араздығы жоқ, үлгілі отбасы болғанын айтады.

БҚО полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Николай Колоницкийдің айтуынша, жан түршігерлік оқиғаға байланысты 3 қылмыстық іс қозғалып, ол Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынған.

– Полиция келген кезде оқиға орнында қылмыскерлер болмаған. Бірақ сол жерден түрлі айғақ заттар табылды. Табылған саусақ таңбаларын да тексеріп жатырмыз. Ресейлік әріптестерімізге де хат жолдап, сұрау салдық. Тергеу ісі әлі аяқталмағандықтан, басқа ақпаратты айта алмаймыз, – деді БҚО полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Николай Колоницкий.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
96 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
148 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
325 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»