ЕРІКТІЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Оралда «Ашық жүрек» еріктілерді үйлестіру орталығы жұмысын бастады. Жаңа орталықтың кеңсесі Оқушылар сарайындағы «Бастау» коворкинг орталығында орналасқан. Еріктілерге бағыт беру, қолдау көрсету мақсатындағы орталықтың ашылуына қала әкімі Абат Шыныбеков қатысты.

Өңірлік еріктілер орталығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕ АҚ «жастар арасында волонтерлік брендін танымал ету бойынша «Ашық жүрек» жобасын іске асыру» гранты шеңберінде «Қазақстан волонтерлері лигасы» қоғамдық қорының ұйтқы болуымен ашылды. Орталық директоры Алтынбек Бисенов түсіндіріп өткендей, «Қазақстан волонтерлері лигасы» 2014 жылы Алматы қаласында құрылған қоғамдық бірлестік. Түрлі ірі шаралардың жүзеге асуына атсалысқан бірлестік өкілдері жинаған тәжірибелерін «Ашық жүрек» жобасы арқылы еліміздің әр аймағында таратуды мақсат еткен.
– 2016 жылы Алматыда 1000 қайырымдылық ісін жүзеге асырсақ, 2017 жылы «Универсиада» ойыны, «Экспо» көрмесі сынды ірі шаралар біздің волонтерлардың тікелей қатысуымен өтті. 2018 жылы қайырымдылық марафонын бастадық. Сегіз бағыт бойынша мұқтаждарға көмек көрсету мақсатындағы «Ашық жүрек» жобасы 2019 жылы Жастар жылында таныстырылды. «Өлкем», «Отбасым», «Қазынам»,«Жігерім», «Құлыным», «Табысым», «Шабытым», «Күш-қуатым» бағыттары бойынша жұмыстар атқарылды. Енді осы тәжірибемізді таратпақ ниеттеміз. «Білім», «Саулық», «Үміт», «Қамқор», «Асыл мұра», «Сабақтастық», «Таза әлем» бағыттары бойынша жұмыс жасаймыз. Әр волонтердің өз қызығушылықтары бойынша өздерін дамытуына, жобаларын дайындауына оны жүзеге асыруына қолдау көрсетпекпіз, – деді Алтынбек Бисенов.
Қала әкімі Абат Шыныбековтың айтуынша, бүгінде шаһарда 2000-дай азамат пен азаматшаның басын біріктірген 100-ден аса еріктілер ұйымы бар.
– Ақ Жайық жастары әрқашан Мемлекет басшысының саясатын жоғары деңгейде қолдайды. Пандемияға байланысты қиын кезеңде еріктілеріміз қоғамға көп қолдау көрсетті. Ұйымшылдықпен мейірімділіктерін төге білді. Азаматардың бірлігі қала тірлігінің жалғасуына әсерін тигізді. Еріктілердің жарқын істерін жалғастыру жолындағы қолдау көрсету жұмысының жалғасын тапқанына қуанамыз. Орал қаласы – жаңа бастамалардың қаласы, жастарымыздың белсенділігі жоғары. Алтын күзде бастау алған орталықтың жұмысына сәттілік тілеймін, – деді Абат Абайұлы.
Айта кетейік, «Ашық жүрек» жобасы аясында еріктілердің шағын гранттарды иеленуге мүмкіндігі бар. Ол үшін еріктілер жобаларын дайындап, орталыққа ұсынуы қажет.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу