8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қыркүйек 2020 1307 0
Қоғам

ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ ЖЕЛТОҚСАНҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

              Орал қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы №491  «2020 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Қаулысына сәйкес, Орал қаласы бойынша азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін 18-27 жас аралығындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Отан қорғауға аттанатын жастар алдымен медициналық тексеруден өтіп, денсаулықтарының жарамдылығы туралы сыннан өткеннен кейін әскери бөлімдерге жөнелтіледі. Орал қаласы әкімінің азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанын сапалы әрі уақытылы орындау мақсатында бекітілген жоспарына сәйкес, қыркүйек айының 2-3 күндері тұрғылықты мекен жайлары өзгерген әскер жасындағы азаматтарды іздестіру бойынша Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастауымен Орал қаласының ішкі істер басқармасының бірігіп «Призывник» жедел алдын алу шарасы жүргізіледі. Жедел алдын алу шарасына 20 әскери қызметшілер және 20 учаскелік инспекторлары тартылды. Шара барысында 20 бекітілген аймақ бойынша лауазымды тұлғалар әскер жасындағы азаматтарға шақыру қағаздарын үлестіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы #561-IV «Әскери қызмет әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 30 бабына «Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың міндеттері» сәйкес, шақыру қағазын алған азаматтар әскерге шақыру комиссиясына келуге міндетті
Әскери қызмет Отанымызды сүюге және туған жеріміздің тұтастығын сақтауға, оны қорғауға үйретерін естен шығармайық!
Барлық сұрақтар бойынша Орал қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасына хабарласуыңызға болады. Мекенжайы: Орал қаласы, Абай  даңғылы 100, тел: 8 711 2 53 86 60

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»