МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЖУРНАЛИСТЕР МЕН ВОЛОНТЕРЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Биылғы жыл барлық әлем үшін үлкен қиындықпен өтуде. Дүниежүзін шарпыған коронавирус пандемиясы біздің елімізді де айналып өтпеді. Осынау қиын кезеңде волонтерлар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің атқарып жүрген еңбегі зор. Карантин басталған сәтте облысымызда 1000-нан аса волонтер жемісті қызмет атқарды. Қоғамның әр саласында еңбек еткен волонтерлардың қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға қосқан үлесі зор. Ал бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері уақытпен санаспай қызмет атқарып, тұрғындарға шынайы ақпарат таратты. Аталған кезеңде абыройлы еңбек еткен волонтерлар мен журналистерге бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев арнайы ризашылығын білдіріп, ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай Алғыс хаттармен марапаттады.

– Баршаңызды алда келе жатқан Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Конституциямызда ең басты құндылық ретінде жазылған адам және адам өмірі. Пандемия кезінде адам өмірін сақтау үшін сіздердің үлесіңіз жоғары. Қоғам өмірінде орныңыз ерекше. Осы кезеңде журналистер қауымы халықты дүрбелеңге салмай, бірауыздан ресми ақпарат таратып, халыққа маңызды ақпарат жеткіздіңіздер. Сөйтіп өз қызметтеріңізді абыройлы атқардыңыздар. Былтыр Президенттің Үндеуімен еріктілер қозғалысы жанданды. Осы жыл еріктілер үшін маңызды жыл болды. Өңірімізде 1000-нан аса ерікті бар. Олар күні-түні өз уақыттарымен санаспай, бізге көмектесті. 1200 адамға дәрі-дәрмек, 7000-нан аса отбасыға азық-түлік, 300 мыңнан аса бетперде үлестірдіңіздер. Медицина қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз еттіңіздер. Кейбір еріктілер өз өмірін қауіпке тігіп, медициналық ұйымдарда еңбек етті. Әрине, бұл сіздердің халыққа деген үлкен құрметтеріңіз. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деген өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы бір топ еріктілер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне Алғыс хаттар тапсырды. Олардың қатарында әріптесіміз, «Жайық үні» газетінің дизайнері Арайлым Тлепбергенова да бар. Арайлым Сырымқызы «Жайық үні» газетінің тәжірибелі қызметкері. «Жайық үні» ЖШС-нда тапжылмастан он бес жылдан аса уақыт жемісті еңбек етіп келеді. Өз ісіне шынайы берілген, адал, еңбекқор әріптесіміз қандай құрметке болса да лайық деп білеміз.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА




Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу