МӘМС: ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІН ЖАҢАРТЫП ОТЫРУЫ ТИІС
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылдың 1 қазанына дейін МӘМС жарна мен аударым төлеуден босатылған шағын және орта бизнес субъектілеріне қызметкерлерінің сақтандырылған мәртебесін сақтап қалу үшін әр айдың 25-не дейін жұмысшылар туралы мәліметті жаңарту қажеттігін еске салады.

«Жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін жауапкершілікті сезінуі маңызды. Сондықтан кәсіпорындардағы қызметкерлер сақтандырылып, МӘМС жүйесінде барлық қажетті медициналық көмек алуы үшін тізімдерді үнемі жаңартып отыруды сұраймыз. Біз кәсіпкерлермен, оның ішінде «Атамекен» ҰКП, Мемлекеттік кіріс комитеті және олардың аймақтардағы ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз», – деді Қордағылар.
2020 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылған кәсіпорындардағы жұмыскерлерінің тағы 61% бойынша ақпарат өзектендірілмеген күйінде қалып отыр. Егер деректерді жұмыс беруші енгізбесе, қыркүйекте ШОБ қызметкерлерінің бір бөлігі жүйеде сақтандырылмаған болуы мүмкін деген қауіп бар.
«Сараптама көрсеткендей, өз қызметкерлеріне қамқорлықпен қарап, уақытылы ақпарат берген ең белсенді бизнес субъектілері Алматы облысында, мұнда ШОБ 67% мәліметті жаңартты, Қостанай облысында – 54% және Ақмола облысында – 50% астам», – деді ӘМСҚ-да.
Естеріңізге сала кетейік, алгоритмге сәйкес жұмыс беруші әр айдың 25-не дейін мына сілтемеге https://msb.fms.kz/login өтіп, БСН бойынша тізімнен өз ұйымын тауып, заңды тұлғаның немесе ЖК ЭЦҚ көмегімен Қордың ақпараттық жүйесіне тіркеліп, пайдаланушы келісіміне қол қою ерек. Бұдан әрі МӘМС төлеуден босатылған қызметкерлердің ЖСН қосу (Excel-де бір файлмен немесе әр қызметкерге жолма-жол). Кейіннен деректерді қайта енгізудің қажеті жоқ, оларды жаңарту керек болады. Ақпарат ай сайын мемлекеттік кірістер комитетіне беріледі.
Егер кәсіпорын қызметкері өзінің сақтандырылмағанын байқаса, онда ол деректерді qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы дербес жібере алады. Электрондық мекен-жайын, тегін, ЖСН, телефон нөмірін көрсете отырып, ШОБ субъектісінің атауын, жұмыс берушінің БСН / ЖСН көрсете отырып, өтінішті ресімдеу және еңбек шартын немесе тағайындау туралы бұйрықты бекіту қажет. Сәйкестікті растау кезінде қызметкерге бір айға уақытша мәртебе беріледі. Алайда, қызметкер жұмыс берушіге ол туралы ақпаратты ақпараттық жүйеге енгізу қажеттілігі туралы еске салуы керек.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу