8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Тамыз 2020 1875 0
Қалалықтар қаперіне

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ӨТТІ

27 тамыз күні Орал қаласының білім беру ұйымы AQJAIYQ телеарнасымен бірігіп, «Білім сапасы мен негізгі құндылықтар: жаңа идеялар және тәжірибелер» тақырыбында дәстүрлі тамыз кеңесін жаңаша форматта тікелей эфирде өткізді.

Кеңес жұмысын Орал қаласының білім беру бөлімінің басшысы А.Темірханова жүргізіп, тікелей эфирдегі кеңесте  қала әкімі А.Шыныбеков, облыстық білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева, Оралдағы Назарбаев зияткерік мектебінің директоры А.Айтпукешев, «Өрлеу» БАҰО БҚО филиалы ПКБАжҚДИ директорының орынбасары Е.Сафуллин қонақта  болды.
Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков Үкіметтің білім саласына ерекше назар салып отырғанын, жыл сайын оқушылардың білім мен тәрбие алуына жағдай туғызу мақсатында қалалық білім саласында біркелкі жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Биылғы жылы қаламызда жаңадан мектептер бой көтеріп, оқу жылы қарсаңында салтанатты түрде ашылатынын атап өтті.
Көтерілген мәселелерді талқылауда www.academia білім беретін онлайн-платформасының басшысы Әшім Нартай қашытан оқыту бойынша білім саласында болып жатқан өзгерістер туралы телекөпір арқылы баяндады.

Қатысушы қонақтар көрермендерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім беру ісінде  табыстар тіледі.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
338 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
330 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»