КЕМБАҒАЛ ЖАННЫҢ АҚШАСЫН ҰРЛАП КЕТКЕН
Таяуда банка сатып аламын деп базарға барған ер адам 50 мың теңгесін тапа-тал түсте ұрлатты.

Нақтырақ айтсақ, 2020 жылғы 19 тамызда Орал қаласының 1958 жылғы Ж. есімді бір тұрғыны банка сатып алу үшін арнайы «Орталық базарға» жетеді. Кембағал бұл азаматтың бір ғана ойы – үйіне банка сатып апарып, қайнаған өнімдерді банкаға құйып, қысқыға қамдану еді. Бұл азамат банка сатушылардың қасына жақындап, банка сатып алмақ ойын айтады. Банканы сатып алған соң, сатушы әйел адам банкілерін мекен-жайына дейін жеткізіп беретінін, кембағал жанға жәрдемдесетінін түсіндіреді. Қолғабыс етуге ынталанып тұрған бейтаныс әйел адамның ниетін қақпай, бұл азамат банкаларын сөмкелеріне салып, «Солтүстік-Шығыс» ауданындағы жәйлі пәтерлі үйіне қарай аяңдайды. Әйел адам банка салынған сөмкелерді көтеріп, бірге ілесе үй ішіне кірді. Үйге кірген соң бұған дейін жымысқы оймен келген 1990 жылғы жас келіншек мүгедек жан артына бұрылған сәтін пайдаланып, сөмкесіне қол салған. Сөмкеден 50 мың теңгесін ұрлап, шапшаңдатып, үлкен кісіні алдап-сулап ілезде үйден шығып кеткен. Бейтаныс «қамқор»келіншек үйінен шыққан бойда, қарт сөмкесінен ақшасы ұрланғанын байқайды. Полицияға телефон соғып, арыз жазды. Ұрының әккі ойы алысқа апармады. Орал қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері «Орталық базар» маңын торуылдап жүріп, Бәйтерек ауданына қарасты Переметное ауылының тұрғыны, 1990 жылғы А.есімді әйел адамды құрықтады. Жедел уәкілдер күдіктінің қолынан ақшаны тәркілеп, өз иесіне қайтарды. Жедел уәкілдердің алдына келген А.есімді азаматша базарға келген ересек ер адамның үйіне аяқтай барып, ақшаға қызығып, сөмкесінен ұрлағанын толығымен мойындады.
Бүгінгі күні кембағал ер адамның ақшасын ұрлаған әйелге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдарын басқарманың тергеу бөлімі жүргізуде.
Орал қалалық Полиция басқармасы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу