8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Тамыз 2020 4993 0
Қалалықтар қаперіне

ОҚУШЫЛАРДЫҢ САБАҚ ҮЛГЕРІМІ БАЛДЫҚ ЖҮЙЕМЕН БАҒАЛАНАДЫ

Биылғы оқу жылында  оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға өзгерістер енгізілген, яғни балалардың сабақ үлгерімдері 1 мен 10 аралығында бағаланатын болды. Бұл туралы кезекті оқу жылы алдындағы дәстүрлі педагогикалық кеңесте талқылынып, түсіндірілді. 

– Бұған дейінгі формативті бағалау кезінде «жарайсыз», «керемет» деген сөздер айтылатын болса, биылғы оқу жылында формативті бағалау – 1-ден 10-ға дейінгі  балмен бағалау жүргізіледі.  1-3 балл аралығы – «төмен деңгей», 4-7  балл – «орта деңгей», 8-10 балл – «жоғары деңгей» болады.  Баланың сабаққа қатысудағы белсенділігі, тапсырмаларды орындауы, материалды меңгеруіне  қатысты қойылатын балдың критерийлері бар. Бұл баланың күнделікті сабаққа ынталануына, еңбегінің  ескерілуіне, кері байланыс жасауға қолайлы болмақ, – дейді Оралдағы дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінің директоры Аягөз Хамзина.

Айта кетейік, бұған дейінгі оқу жылдарында тоқсандық баға бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау негізінде шығарылған болса, енді оған формативті бағалау да қосылып отыр.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
85 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
121 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
216 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
199 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»