8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Тамыз 2020 4662 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Президентінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» нақты бағдарламасында көрсетілген меритократия қағидасын жүзеге асыру аясында және конкурстық комиссияның шешімі бойынша Орал қаласы Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына Шерғалиев Артур Мұратұлы тағайындалды. Бұл туралы Орал қаласының баспасөз қызметі хабарлады.

Шерғалиев Артур Мұратұлы 1985 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы ат спорты түрлерінен БЖСМ-де қазақ күресінен жаттықтырушы-оқытушы болып бастады.
Әр жылдары:
– қазақ күресінен БҚО-ның аға жаттықтырушысы;
– армрестлинг және гір спортынан БҚО федерациясының Президенті;
– «Намыс» спорт клубы МКҚК әдіскері;
– «Намыс» спорт клубы МКҚК директорының орынбасары;
– Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері;
– БҚО Сырым ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.
2018 жылдан бастап Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
«Халық алғысы» мерекелік медалімен, «Қазақстан патриоты» медалімен және «ҚР Қазақ күресіне қосқан үлесі үшін» төсбелгімен марапатталған.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
76 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
114 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
209 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
415 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»