БЕС ЖАСАР БАЛА ТОҒЫЗЫНШЫ ҚАБАТТАН ҚҰЛАДЫ
Оқыс оқиға бүгін, 18 тамыз күні Орал қаласының Қонаев шағынауданында орын алды.

Ата-анасының қарауынсыз қалған 2015 жылғы ұл бала тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап, жедел жәрдем жеткенше көз жұмған.
Төтеншеліктер көбіне ересектердің қарауынсыз қалған балалар осындай жағдайларға ұшырайтынын ескертіп, балаларды қараусыз қалдырмауға, тіпті қысқа мерзімге болса да балаларды терезе ашық бөлмеде оңаша қалдырмауды сұрайды.
Қайғылы салдар болмауы үшін кішкентайларға қарапайым қауіпсіздік ережелерін үйрету, балалардың уақытын өткізуді және қауіпсіздігін тиісті түрде бақылау керек.
Еске сала кетейік, 1 шілдеде екі жасар балғынның екінші қабаттағы терезеден құлап, жабық бас-ми жарақатын алғанын жазған едік. БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері 7 баланың терезден құлағаны тіркелген.
zhaikuni.kz
БҚО ТЖД ескертеді:
• пәтерде терезелерді және бөлмені желдеткен кезде баланың қараусыз қалмағанына көз жеткізіңіз.
• желдету кезінде фрамугалар мен форточкаларды ашыңыз. Егер терезені ашсаңыз, оны 10 см-ден артық ашпаңыз, осы мақсат үшін шектегіштерді қойыңыз.
• балконға ересектердің еріп жүруінсіз шығуға рұқсат бермеңіз.
• ешқашан ұйықтап жатқан баланы пәтерде жалғыз қалдырмаңыз. Бала оянып, ашық терезеге баруы мүмкін.
• барлық жиһазды, соның ішінде кереуеттерді терезеден алыс қойыңыз. Бұл баланың терезе алдына еркін шығуының алдын алуға көмектеседі.
• москит торлары үлкен қауіп төндіреді: бала алдында қандай да бір кедергіні көреді, оған сенімді тіреледі, нәтижесінде ең кішкентай баланың салмағына есептелмеген тормен бірге құлап кетуі мүмкін.
• егер 5-7 жастағы бала пәтерде жалғыз қалудан қорықса, оны тіпті қысқа уақытқа да қалдырмаңыз. Көбінесе, қорқынышты сезіп, балалар ата-аналарын терезеден немесе балконнан қарауы мүмкін, бұл жоғарыдан құлауына әкеп соғады.
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу