БҚО-ДА КАРАНТИН ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ: БІРҚАТАР НЫСАНДАР ЖҰМЫСҚА КІРІСЕДІ
Бүгін БҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М.Арыспаевтың Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулысы шықты. 17 тамыздан бастап күшіне енетін қаулыда бұған дейін белгіленген бірқатар шектеулердің сақталып, бірқатар нысандардың жұмысына рұқсат берілетіні көрсетілген.

Облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілгендей, облыс аумағында банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, салтанатты, отбасылық, естелік, салттық және өзге де бұқаралық іс-шараларды (оның ішінде үйде өткізілетін іс-шараларды) өткізуге тыйым салынады. Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын тоқтатылады. Сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлердің, бассейндердің, жағажайлардың, ашық ауадағы аттракциондарды қоспағанда барлық ойын-сауық нысандарының, кинотеатрлардың, аулалардағыны қоспағанда фудкорттардың, банкет залдарының, ойын алаңдарының барлық түрлерінің, түнгі клубтардың, барлардың, караокенің, компьютерлік және ойын клубтарының, кальяндық, букмекерлік кеңселердің, кейтерингтік қызметтер көрсетудің және мерекелерді ұйымдастыру жөніндегі қызметтердің, діни нысандардың, сондай-ақ барлық мәдениет нысандарының (театрлардың, концерт залдарының, мұражайлардың, көрмелердің, форумдардың), кезекші топтарды қоспағанда, меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі балалар мекемелері қызметі әзірге жандандырылмайды, яғни қызмет жасамайды.
Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен скверлерге, алаңдарға, жағалауларға, қалалық демалыс саябағына және халықтың басқа да демалыс орындарына (жағажайларды қоспағанда) баруға рұқсат беріледі.
Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада (5 адамнан аспайтын) жеке және топтық жаттығуларға рұқсат.
Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беріліп отыр. Алайда, жаттығушылар саны 30 адамнан аспауы керек және жаттығу мерзімінде олардың спорт базаларында тұруы ұйымдастырылуы тиіс.
Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, келушілер ағынын реттей және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, ашық ауада аттракциондардың жұмысына рұқсат беріледі.
InfoKazakhstan.kz cайтынан электрондық форматта берілген санитарлық нормаларға сәйкестік актісінің негізінде сауда үйлері мен орталықтарының (бутиктер, павильондар), сауда желілерінің, жабық азық-түлік емес және азық-түлік базарларының, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметологиялық қызмет көрсететін нысандардың, ЅРА орталықтардың (салондардың), фитнес орталықтардың, спорт және жаттығу залдарының, спорттық-сауықтыру нысандарының, моншалардың, сауналардың, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының, балаларға арналған түзету кабинеттерінің, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарының, қоғамдық тамақтану нысандарының (үй-жайлардағы) қызметі қайтадан жандандырылады.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу