8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Тамыз 2020 1423 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА 43 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ЖОСПАРЛЫ ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУДЫ ҚАЙТА БАСТАДЫ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында аймақтар бойынша жоспарлы емдеуге жатқызуды қалпына келтіру күні көрсетілген медициналық ұйымдардың тізімі пайда болды.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанда жоспарлы медициналық көмек көрсету қайта жанданды. Бірінші кезекте, ауруханаға жатқызуды республикалық деңгейдегі мамандандырылған клиникалар, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі көп бейінді ауруханалар, COVID-19-мен күрес жөніндегі іс-шараларға қатыспайтын қалған стационарларды кезең-кезеңімен қосуды жүргізе бастады. 2020 жылдың тамыз айында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша облыстың 43 медициналық ұйымы – медициналық сақтандыру қорының жеткізушілері жоспарлы медициналық көмек, оның ішінде терапевтік, кардиологиялық, гастроэнтерологиялық, хирургиялық, неврологиялық, пульмонологиялық, педиатриялық, акушерлік-гинекологиялық, нейрохирургиялық, травматологиялық, медициналық оңалту және т.б. қызметтерін көрсетеді. Айта кету керек, облыстың 43 медициналық ұйымының 21,7% – ын жеке клиникалар құрайды. Жоспарлы медициналық көмек қызметтерін жеткізушілердің толық тізімімен Қордың сайтында танысуға болады. Тізім үнемі жаңартылып отырады.

«Коронавирусқа қарсы іс-шараларға қатыспайтын медициналық ұйымдар жұмысын қайта бастауға мүмкіндік алды. Әр аймақ эпидемиологиялық жағдайға байланысты әр түрлі болатын жоспарлы медициналық көмек көрсетуді бастаудың жеке жоспарын жасады. Оны аймақтық штаб бағалайды», деп атап өтті «ӘМСҚ» КеАҚ БҚО бойынша филиалының мамандары.

Карантиндік шектеулерге байланысты көптеген медициналық қызметтер жоспарлы түрде тоқтатылды. Енді олардың қайта жандануымен жоспарлы медициналық көмекті тұтынудың айтарлықтай өсуі күтілуде. Қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шараларды өткізгеннен кейін медициналық ұйымдарға стационарлар ашуға рұқсат беріледі.

«Медициналық қызметтерді тұтынудың болжамды өсуін ескере отырып, үшінші тоқсанда ағымдағы жылға жоспарланған көлемдер орындалуы мүмкін. Мысалы, бірінші тоқсанда жоспарлы емдеуге жатқызу өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70% – ға өсті, медициналық оңалту 35% – ға ұлғайды. Қор өз тарапынан қаржыландыру жоспарына түзетулер енгізеді», – деп хабарлады «ӘМСҚ» КеАҚ БҚО бойынша филиалы.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
338 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
330 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»