8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Тамыз 2020 1739 0
Қоғам

Ұ.ЕРЖАНОВА: «АБАЙДЫҢ ҚОЙҒАН КРЕДОСЫН ҰСТАНУ КЕРЕК»

Ұлтымыздың  ұлысы, ұлы бабамыз – Абай. Міне, елімізде тұңғыш рет Абай күні аталып өтті. Бір жылдың көлемінде 175 жылдығына арналып, Абайдың мұраларын халық арасында насихаттау мақсатында челлендж жарияланған болатын. Кішіден бастап үлкенге  дейінгінің бәрі тартылып, үн қосты. Ел тұрғындары бұрыннан Абайдың шығармаларымен таныс болғанымен, бұл жолы  қайтадан жаңғыртты деп айтуға болады.

10 тамыз – Абайдың өзіне  бекітілген күн болып отыр. Бұл – Ұлы күн.  Қазақ  ұлтын  Абайсыз елестету мүмкін емес. «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой – Бес асыл іс көнсеңіз» деп айтқанындай, адам баласының, өсіп келе жатқан ұрпақтың талаптарының биік болуын тілеймін. Таза, адал еңбек ету керек. Абайдың кезіндегідей қулық-сұмдықпен байлардың малын алдап алудың қажеті жоқ. Елімізді жемқорлық жайлап барады, өкінішке орай. Бұл сұмдықтың тамыры тереңге  кетті. Мұның бәрі Абай айтып кеткендей, тойымсыздық, қанағат қылмаудың салдары. Осының барлығын Абай әлдеқашан өз өлеңдерінде  айтып кеткен.

Абай ғылым, еңбек, талаптану ғана адамды ұшпаққа  шығаратынын айтты. Абайдың қойған осы кредосын ұстану керек.

Қалалық кітапхана Абайға арнап зал ашып, еңбектерін, аудармаларын қойғанын көрдім. Қазақтың ұлттық бұйымдарын жинақтаған. Біз осымен ғана ұлт болып қаламыз.

Ұлдай ЕРЖАНОВА,

филология ғылымдарының кандидаты,  доцент

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
84 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
120 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
215 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
198 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»