8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Тамыз 2020 1234 0
Өзек

РҰҚСАТ ҚҰЖАТТАРСЫЗ ДӘРІЛІК ЗАТТЫ ЕЛДЕН ШЫҒАРМАҚ БОЛҒАН

Шілде айының басында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Тасқала» автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына бағыт алған жүк көлігінің тауар тасымалдау құжаттарын тексеру барысында Қазақстаннан әкетуге уәкілетті орган беретін тиісті рұқсат құжаттарсыз, сомасы 1,7 млн. АҚШ долларын құрайтын «Физиотенз» дәрілік затын тапты.  


Тексеріс барысында «Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ-ның бұл дәрілік затты ҚР аумағынан әкету тәртібін бұзу арқылы алып шыққысы келгені анықталды. Бұл ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы №668 бекіткен бұйрығына, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ҚР аумағынан әкету және «ҚР тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына қайшы болып табылады.
Нәтижесінде сот акционерлік қоғамды ҚР ӘҚБТК 463-бабының 1 б. сәйкес кінәлі деп танып, әкімшілік құқық бұзушылық объектілерін тәркілеместен, 416 700 теңге көлемінде айыппұл салды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
111 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
205 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
193 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
414 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»