ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ТӨККЕНДЕР ТІЗІМІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДА ЖАРИЯЛАНАДЫ
Елизаров пен Фрунзе көшесінің қиылысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар алаңының маңы автокөлік жолының жартысына дейін бей-берекет шашылып жатыр. Жәшіктеп төгілген жеміс-көкөністер мен қорап-пластиктерге қарап, орталық базардан тасылып жатқанын аңғару аса қиын емес. Мәселенің мән-жайына үңілген қала әкімі Абат Шыныбеков 4 тамыз күні аталған мекенжайға барып, тиісті сала басшыларына жағдайды реттеу туралы тапсырма берді.

Қалдықтарды саудагер-кәсіпкерлердің тасып жатқанын осы маңдағы тұрғындар да растап отыр. Айтуларынша, күн сайын кешкі сағат 16.00-ден кейін «ГАЗель» көлігімен немесе қоларбамен қоқыстарды таситындар ағыла бастайды екен. Бірнеше жыл бойы жалғасып келе жатқан берекетсіздіктен осы маңда тұратындар әбден қажығанын жеткізуде. Мекенжайға барғанымызда қоларбасына қалдықтарды тиеп келген азамат біздің де назарымызға ілікті. Базарда жүк таситын оның сөзінше, басшысы жол сілтепті, қоқыстарды осы орынға төгу үшін ақысын төлеп қойған-мыс.
Бұл жағдай, әрине, қала әкімдігі мен полиция қызметкерлеріне де жақсы мәлім. Сәйкесінше, қатты тұрмыстық қалдықтарды тазалау, қоқысты заңсыз тасымалдайтындарды жауапқа тарту жүргізілуде. Тәртіп бұзғандарды анықтау мақсатында биыл бейнебақылау жүйесі де орнатылған. Абай полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Әлібек Дүйсенғалиевтің сөзінше, жаз басталғалы бұл жерге заңсыз қоқыс тастағандарға қатысты ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша 20 шақты хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған.
Шаһарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазалауға жауапты «Орал таза сервис» мекемесінің директоры Рафхат Данағұлов заңсыздыққа жол бергендер төлейтін айыппұл бұл жерді тазалауға кеткен шығынды ақтамайтынын жеткізді. Айтуынша, бүгін тазаланғанымен 2-3 күн ішінде қайтадан бәз баяғы таудай үйілген қалпына түсетіндіктен, әл бермей жатқан көрінеді.
– Саудагерлердің күн сайынғы тасымалдайтын қоқыстарына қоса, тұрғындар құрылыс қалдықтарын да шығарып тастаған. Қоқыс шығаратын көліктеріміз контейнерлерге салынған қатты тұрмыстық қалдықтарды ғана жинайды, ал мұндай ірі габаритті қалдықтарды шығаруға күші жетпейді. Осы кезге дейін техника жалдап, қалдықты шығаруға мәжбүр болдық. Оған жылына 7-8 млн. теңге жұмсалды, – деді Рафхат Мырзахметұлы.
Тұрғындармен тілдесіп, осы жағдайға байланысты әр саланың өкілдері мен қоғам белсенділерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдаған қала әкімі Абат Шыныбеков алдымен бұл маңға тұрақты түрде бақылау жүргізу арқылы тәртіп бұзушылыққа жол бергендерді дер кезінде ұстап, кәсіп иелерін анықтау үшін полиция бекетін ұйымдастыруды және қатты тұрмыстық қалдықтар алаңын басқа орынға көшіруді тапсырды.
– Заңбұзушылыққа жол бергендердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарына да жариялау қажет. Сана-сезімдері төмен адамдардың аты-жөндерін халық білсін. Бұл жерде жиналған қоқыстың 70-80 пайызы осы маңдағы сауда орындарынан әкелінуде. Орталық «Мирлан» базарынан көтерме сауданы басқа орынға көшіруіміздің бір себебі де осындай тәртіпсіздікке тосқауыл қою болатын, – деді Абат Абайұлы.
Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиевтің айтуынша, бүгінде қаладағы 700-дей қоқыс алаңында 3000-нан аса контейнер бар. Қатты тұрмыстық қалдықтар үшін биыл тағы 100 қоқыс алаңы дайындалып, 250 еуроконтейнер қойылмақ.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу