8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Тамыз 2020 1479 0
Қоғам

«НЕФТЕБАЗА» АУДАНЫНДАҒЫ КӨПІР АШЫЛДЫ

Бүгін, 2  тамыз күні Оралда «Нефтебаза» ауданындағы қайтадан салынған жол өткелі пайдалануға берілді. «Омега көпірі» аталып кеткен бұл өткелді қайта салу 2019 жылы басталған еді. Келісімшарт бойынша 2021  жылы аяқталуы тиіс болғанымен, жұмыс күшін еселеткен мердігер компания жобаны уақытынан жарты жыл бұрын тапсырып отыр. Нысанның ашылуына барған облыс әкімі Ғали Есқалиев құрылысшыларға алғысын білдірді. 

Көпір құрылысын жүргізген – «Ка-Строй ЛТД» ЖШС. Құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші  «Қарашығынақ Петролиум Оперейтинг б.в» компаниясы есебінен 5,3 млрд. теңге жұмсалған.

Өткелдің ұзындығы – 996 метр, бұрынғы жалпы ені 16 метр болған болса, ол енді  21 метр болып кеңейтіліп, екі қозғалыс жолағы төрт жолаққа ұлғайтылған. Жаяу жүргіншілерге арналған жол – 1,5 метр. Жарық бағаналары қойылған.

Облыс басшысы Ғали Есқалиев атап өткендей, бұл көпір қала тұрғындарына аса қажетті және маңыздылығы зор.

–  Көпір 1978  жылы салынған екен. Сол уақыттан бері күрделі жөндеу жасалмаған өткелді қайта салу тұрғындар мен көлік жүргізушілері үшін маңызды болды. Қайта салу үшін жабылған бір жарым жыл уақыт бойы жол қозғалысы қолайсыздық тудырғаны рас. Мәселен, жолы ең ұзақ саналатын №7 бағыттағы  маршрут Деркөлден орталыққа дейін 1 сағат 20 минут көлемінде жүрген болса, енді екі есеге тез бару мүмкіндігі бар. Сондай-ақ қазіргі вирусты пандемия кезеңінде де науқастарды ауруханаларға жедел жеткізуде төте жолдың рөлі зор. Құрбан айт мейрамында қалалықтарға қуаныш сыйлау үшін құрылысшылар екі ауысыммен үзіліссіз жұмыс жасады. Құрылысқа отандық өнімдер қолданылды, осы орайда жергілікті кәсіпорындарымызға да пайда әкелген жоба болды деп санаймыз. Көпір құрылысына  140 сыбай, 24, 33 метрлік бөренелер салынып, жаңа технологиялар қолданылған. Толықтай жаңартылған өткел кемінде 50 жыл қызмет етеді деп сенеміз, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Мердігер компания – «Ка-Строй ЛТД» ЖШС бас директорының орынбасары Төлеген Қарағайшиннің айтуынша, құрылысқа қолданылған материалдардың 85 пайыздық үлесі отандық өнім саналады.

– Асфальт-бетон – оралдық өндірушілерден алынды, металл құрылымдары – Қарағандыдан, жарықшамдар, бағаналары – Ақтөбеден жеткізілді. Құрылысқа жұмыс ауқымына қарай 70-130 адам тартылды. Кейінгі кездері жол құрылысына шақпатасты-мастикалық асфальт (ЩМА) пайдаланылып жүр. Бұл көпірдің жабынына да осы материал қолданылды, – дейді Төлеген Қарағойшин.

Екі жылға жоспарланған құрылыс жұмыстарын 1,5 жыл ішінде атқарған құрылысшылар сапаға кері әсері болмайтынына сендіріп отыр. Сондай-ақ кепілдік келісімшарты бойынша алдағы үш жыл бойы көпірді күтіп-ұстау, олқылықтар анықталса, қалпына келтіруді компания өз есебінен қамтамасыз ететін болады.

Көпірдің жабылуына байланысты қоғамдық көліктер қозғалысы айналма жолдарға өзгертілген еді. Қала әкімі Абат Шыныбековтың мәлімдеуінше, енді осы өткел арқылы өтетін 13  маршруттың жолы қайтадан реттелмек.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

  

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»