«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: ОҚУШЫЛАРҒА КОМПЬЮТЕР, ПЛАНШЕТ, НОУТБУК СЫЙЛА!
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл сайын шілде-қыркүйек айларында ұйымдастырылған болатын, 2019 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес акция жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды.

«Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы құрылды. Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады.
Бұл платформа тұрақты түрде жұмыс жасайды. Жаңа тәсілдер арқылы көмек көрсетудің мәдениетін қалыптастыруға, оның ашықтығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
2019 жылы акция барысында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасының 18 201 балаларына 134 453 мың теңгеге көмек көрсетілді.
Ата-аналардан немесе заңды өкілдерден түскен өтініштер ұлттық білім беру дерекқорының мәліметтерімен салыстырылатын болады, одан кейін көмек атаулы түрде бөлінетін болады.
Ағымдағы жылы акция «Компьютер сыйла», «Планшет сыйла», «Ноутбук сыйла» тақырыбымен өтеді. Жылдағыдай мектеп формасын сатып алу міндеттелмегендіктен, оқушыларға білім алуға қажетті компьютерлік техниканы сатып алу көзделді.
БҚО Білім басқармасы қашықтан оқыту форматында басталғалы отырған жаңа оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы шеңберінде облысымыздың барлық азаматтарын көмек қажет ететін оқушыларға планшеттер немесе компьютерлер сатып алып беруге көмек қолын созып, атсалысуға шақырады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу