БҚО-ДА АУДАНДАРҒА ӨРТ СӨНДІРУ АВТОЦИСТЕРНАЛАРЫ БЕРІЛДІ
БҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі хбарлағандай, орман және дала өрттерін сөндіруге арналған өрт сөндіру автоцистерналары Қазталов, Жәнібек, Ақжайық аудандарындағы әкімдіктердің балансына тапсырылған.

Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларына сәйкес, БҚО әкімінің қолдаухаты және ҚР ІІМ ТЖК келісімі негізінде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Орал қаласы)» мемлекеттік мекемесінен орман және дала өрттерін сөндіруге арналған өрт сөндіру автоцистерналары БҚО аудандық әкімдіктерінің теңгеріміне тапсырылған.
Атап айтқанда, Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округі әкімінің теңгеріміне 1978 жылы шыққан АЦ-40 (Зил-131) өрт сөндіру автокөлігі, Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округі әкімінің теңгеріміне 1986 жылы шыққан АЦ-40 (Зил-131а) өрт сөндіру автокөлігі, Қазталов ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Казталов мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгеріміне 1989 жылы шыққан АЦ-40 (Зил-431412) өрт сөндіру автокөлігі берілді.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу