БҚО-ДА ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЗАҢСЫЗ САТҚАНДАРҒА ЖӘНЕ БАҒАНЫ КӨТЕРГЕНДЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
5 шілде мен 22 шілде аралығында Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне дәрілік заттар айналымы саласындағы бұзушылықтар бойынша полиция департаменті, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті және Экономикалық тергеу департаментінен барлығы 42 материал түскен.

Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, түскен материалдар бойынша Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің 424-бабының 1-бөлігі бойынша лицензиясыз қызмет үшін 5 жеке тұлғаға жалпы 34 725 тг. айыппұл салынған. Бір материал қаралу үстінде.
Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің 426-бабының 1-бөлігі бойынша препараттарды шекті бағадан асырып сатқаны үшін «Мендыбаева Ж.Г.»ЖК және «Адема-Фарм» ЖШС-ға жалпы мөлшері 361 140 теңге айыппұл салынған.
Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің 426-бабының 3-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат берілмеген дәрілік заттарды сату бойынша 20 материал арнайы әкімшілік сотқа жіберіліп, бес материал бойынша ( «Ботова И.П.» ЖК, «Калугина В.М.»ЖК, «МедМаркет-Эксперт» ЖШС және екі жеке тұлғаға) 100-ден 300-ге дейінгі АЕК көлемінде айыппұл салынған.
Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру бойынша Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің 463-бабының 1-бөлігі бойынша үш материал сотқа жіберіліп, бір іс бойынша («Нобел АФФ» АҚ) 150 АЕК көлемінде айыппұл салынған.
Қалған материалдар қаралу үстінде.
Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті облыс тұрғындарына дәрілік препараттарды жоғары бағамен сатуды жүзеге асыратын фармацевтикалық қызмет субъектілерінің (дәріханалардың) құқыққа қайшы іс-әрекеттері туралы белгілі болса, 8 (7112) 51-27-66 телефоны арқылы хабарлауларын сұрайды.
Дәрі-дәрмектердің шекті бағасын DARI.KZ сайтынан білуге болады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу