ОРАЛДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАЛА БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Карантин кезінде тақырға отырдық деген шағыммен Оралдық бір топ кәсіпкер қала әкімімен кездесті. Бизнес иелері күшейтілген карантиндік шаралардың 2 тамызда аяқталатынан күмән келтіріп, билік басындағалардан көмек сұрады.

20-дан аса сауда үйлерінің иелері мен оларды жалға алушылар жиналған басқосуда көтерілген мәселе біреу-ақ. Ол – карантиндік шаралар кезінде сауда нысандарының жұмысын тоқтатпау. Яғни, санитарлық талаптарды бұзбаған бизнес субьектілеріне қызметін жалғастыруға жағдай жасау. Сөз алған кәсіпкер Аслан Өтепов «санитарлық нормаларды сақтап қызметімізді жалғастырмасақ тақырға отырамыз» дейді.
– 4 ай бойы жұмыссыз отырмыз. Біздің отбасымыз бар. Несие пайызы өсуде. Санитарлық талаптарды сақтап жұмыс жасауға дайынбыз. Алайда, тағы да сауда үйлерін жауап тастады. Ашық базарларға тоқтау жоқ. 5-ші тамызда қайтадан қызметімізге кірісетінімзге күмәндіміз. Осы мәселені шешіп берулеріңізді сұраймыз,– дейді кәсіпкер Аслан Өтепов.
Естеріңзге сала кетеміз, жұмысын бастағанына бір айдан асқан ірі сауда үйлерінің қызметі 5-ші шілдеден бастап облыстық бас санитар-дәрігердің қауысына сай қайтадан уақытша тоқтатылды. Оның негізгі себебі облыста каронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының күрт көбеюі. Осы орайда шектеу шаралары тұрғындар қауіпсіздігі үшін қолға алынғанын ұмытпау қажет деп бизнес субьектілерінің иелерін сабырға шақырды БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев: – Бұл шектеулердің негізгі себебін белесіздер. Мәселен 1 маусымнан 21-ші маусымға дейін облыста коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1400 дерегі тіркелді. Ал бірінші шілдеден 20-сы шілдеге дейін 1000 жағдай. Енді қараңыз уақытша шектеу шаралары вируспен күресуде нәтижесін беруде. Сол себепті келеңсіздіктерге түсіністікпен қару қажет, – деді БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Ермекұлы.
Қала басшысы Абат Шыныбеков шектеу шаралары экономикаға кері әсері тигізіп отырғанын, алайда адамдардың денсаулығын сақтауда маңызды екенін атап өтті.
– Жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Бұл – жаһандық мәселе. Шектеу шараларын ел ауамағында толықтай қолға алынды. Біз бұл вирусты тек осылай ғана жеңе аламыз, – деді Абат Абайұлы.
Кездесу барысында айтылғандай, кәсіпкерлік саласына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Жиын барысында БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Бақдәулет Ибраимов барлық жеңілдетілген шараларға тоқталды.
Айта кеткен жөн, карантиндік шараларды жеңілдету эпидахуалға орай ойластырылады. Ал 2-ші тамызда жағдайдың қалай болары сіз бен бізге байланысты.
Бүгінгі мәлімет бойынша, облыста «covid 19» инфекциясын 87 адам жұқтырғаны белгілі болды.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу