МӘСҚ коронавируспен күреске 8,6 млрд теңге жұмсаған
Медициналық сақтандыру қоры COVID-19 және пневмонияға шалдыққан науқастар үшін 842 мың төсек-орынды қаржыландырды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеу үшін наурыз-маусым аралығында еліміздің стационарларына 842 мың төсек-күнге 8,6 млрд теңге төледі.
Айта кету керек, наурыз айымен салыстырғанда маусымда төсек-күннің жалпы саны – 8 есеге, жұқпалы ауруларға – 26 есеге артты. Осы кезеңде карантин стационарларына 327 мың төсек-күн, жұқпалы аурулар үшін 270 мың төсек-күнге қаржы төленді. Маусым айында наурыз айымен салыстырғанда провизиялық стационарларда төсек-күн саны айтарлықтай өсті: наурыз айында 21 мыңнан маусым айында 100 мың төсек-күнге дейін. Төсек-күнге пациенттің стационарда орны, аурудың диагностикасы мен емі кіреді. Қазір денсаулық сақтау жүйесінде төсек қорын ұлғайту қажет. Қазақстандықтарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін Қор шілде айында медициналық ұйымдарға тарифті көтерді . Енді қор провизорлық стационарға 1 төсек-күн үшін 21,9 мыңнан астам теңге төлейді; тәулік бойы стационарға – 32,2 мыңнан астам теңге; науқасты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емдеу үшін – 1 төсек-күн үшін 70 мың теңгеге жуық қаражат бөледі.
Медициналық сақтандыру қорында аталған қызметтерге тарифтің артуы қор жеткізушілерінің санын көбейтуге, коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеуге жеке ауруханаларды белсенді тартуға және стационарлардағы медициналық көмектің сапасын ынталандыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 304 инфекциялық/провизорлық стационармен орындау/бірлесіп орындау шарттарын жасасты.Осы жылдың 30 маусымынан төсек саны 28 796-дан 47 455-ке дейін артты, 18 659 төсек (64,7%) қосылды. Төсек қорының 70% бос емес.
Covid-19 індетін емдеуге тартылған стационарлардағы орындарға күн сайын мониторинг жүргізіледі. Бұл көрсеткіш жергілікті атқарушы органдардың жұмысының индикаторы болып табылады. Өңірдегі кереует қорының 70 пайызы бос емес, резервтен қосымша кереует ашу бойынша шаралар қабылдануда.
Сонымен қатар, №10 клиникалық хаттамаға, 2020 жылғы 4 шілдедегі №104 басылымға сәйкес, аурудың асимптоматикалық және жеңіл түрі бар науқастарды тұрғылықты жері бойынша аумақтық емханалардың учаскелік дәрігерлері бақылайды. Стационарлық емге Covid-19 шалдыққан орташа ауыр және ауыр жағдайдағы пациенттер ғана жатқызылады.
Сондай-ақ, амбулаториялық деңгейде медициналық көмекке қол жеткізу мақсатында емханалар жанында мобильді бригадалар құрылды, олар үйде медициналық қызметтер кешенін көрсетеді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу