БҚО-ДА ЕКІ КҮНДЕ 24 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
13-15 шілде аралығында облыс аумағында 24 өрт тіркелді. Оның 17-сі табиғи өрт болса, жетеуі тұрғын үй секторында болған. Қатты желдің салдарынан электр беру желілерінің 3 зақымдануы, 3 дауылды ескерту тіркелді. Бұл туралы БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

ТЖ жағдайлар департаменті тарапынан Батыс Қазақстан облысы аумағындағы өрттер, жанулар, табиғи өрттерді тиімді сөндіру және алдын алу (профилактикасы) бойынша облыс Әкімінің өкімін әзірленіп аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жолданған.
Бүгінгі таңда Департаменттің және жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері Ақжайық ауданы Мергеньев, Горячкино ауылдары маңына жіберілді. «ӨСжАҚЖ» ММ жеке құрамынан 70 адам, 8 техника, Орман шаруашылығы жеке құрамнынан 8 адам, 2 техника. Ерікті өрт сөндіру құрманына 10 адам, 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Ақжайық ауданы, Есенсай ауылдық округінде «ӨС және АҚЖҚ» ММ жеке құрамынан 3 адам, 1 техника, орман шаруашылығынан – 5 адам, 1 техника ерікті өртсөндірушілерден 5 адам, 5 техника жұмыс істеуде.
Ақжайық ауданы, Бударин ауылдық округінің «Бударин орманшылығы» КММ аумағында ерікті өрт сөндірушілер құрамынан 30 адам, 3 техника жұмыс істеуде. Төтеншеліктер хабарлағандай, өрт сөндірілген, бірақ қарауылдау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ «Казгидромет» РМК БҚФ 14 шілдеден бастап облыс аумағында ыстық болатынын мәлімдеді. 16 шілдеде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел кей жерлерде 15-20 м/с. 16 шілдеде күндіз 35-39 градус ыстық күтіледі. Орал қаласында 16 шілде күндіз күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады. 17-18 шілде күндері Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 40-42 градус ыстық болады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу