ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА
БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің тапсырмасы тапсырмасы бойынша жолдың сапасына қатаң қадағалау жүргізу мақсатымен техникалық, авторлық қадағалаушылармен қатар энергетика, автомобиль жолдары, құрылыс және құрылыс қадағалау басқармалары өкілдерінен құрылған арнайы бақылау тобы осы аптада жол құрылыстарын қадағалау жұмыстарын БАҚ өкілдерімен бірге жүргізуде.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы өңірдегі жол құрылысына 11 млрд. теңге бөлінген. Жалпы 50 жоба жүзеге асырылмақ. Оның 31-і облыс орталығында жүзеге асуда. Бағдарлама арқылы құрылысы жүргізіліп жатқан жолдардың бірі – қаланың солтүстік-шығыс ауданындағы Еуразия көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейінгі Алаш көшесі. Бұл маңда 621 метрлік автокөлік жолы, жолдың екі жағынан жаяу жүргіншілер жолы салынбақ. Құрылыс мердігері – «Астрадор» ЖШС. Осы аудандағы Коняхин көшесіндегі жол құрылысын «Шамшын» мердігерік компаниясы жүргізуде. Серіктестік өкілі С.Ақашаев құрылыс жұмыстарын екі апта бұрын бастағанын айтты. Салынатын жолдың ұзындығы – 731 метр. Техникалық бақылаушы мердігерлік компания жұмысшыларымен бірге күнделікті құрылыс басында. Әр төсемнің тығыздығы, қалыңдығы бойынша келісімшарт негізінде лабораториялық зерттеулер өткізеді. Оған қоса қала әкімдігінің ұсынысы бойынша «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» өңірлік филиалы лабораториялық тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Қадағалаушы топ екі нысанда да жолдардың жобаға сай болуын – ұзындығы, ені мен қалыңдығы бойынша тексерулер жүргізді. Құрылыс материалдарының сапалылығын назарға алды. Облыстық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Айтмағамбетовтың айтуынша, ақаулар анықталған жағдайда акт жасалып, кемшіліктерді жою уақыты көрсетіледі.

Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу