ОРАЛДА 11 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ САЛЫНУДА
Биыл барлық қаржыландыру көздері бойынша шаһардағы құрылысты дамытуға 19 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. 10,7 млрд. теңге тұрғын үйлерді салуға жұмсалмақ. Жалпы бөлінген қаржының 8,2 млрд. теңгесі инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымға бағытталып отыр.

Бүгінде қаламызда 11 тұрғын үй салынуда. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан сегіз үй биылғы жылдың соңына дейін тапсырылса, қалған үш нысанның құрылыс жұмыстары келесі жылы жалғасады. Жаңа үйлердің бірқатары қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде бой көтеруде. Бұл ауданды игеру 2016 жылы басталған болатын. Шағынауданның аумағы – 108,6 гектарды құрайды. Шамамен 30 көпқабатты үй салу жоспарланған. Осыдан бірер ай бұрын екі үй пайдалануға беріліп, жаңа ауданның алғашқы тұрғындары қоныстанып үлгерді. Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Арман Өксікбаевтың айтуынша, жыл соңына дейін әрқайсысы тоғыз қабаттан болатын тағы үш үйдің құрылысы аяқталмақ. 216 пәтерлі тоғыз қабатты тұрғын жай арендалық –жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандарға беріледі. Ал 104 және 108 пәтерлі үйлер – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына ұсынылады. Қазір үш нысанның да құрылысы қарқынды. «Болашақ-Т», «СКФ Отделстрой», «Алтим» құрылыс компаниялары ауа райына қарамастан жұмыстарды жүргізуде. Бұдан бөлек тағы екі үйдің құрылысына қаржы бөлінген.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу