8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Шілде 2020 1454 0
Қалалықтар қаперіне

РЕСЕЙДЕН ЕКІ ҰШАҚ ДӘРІ-ДӘРМЕК КЕЛДІ

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  фейсбуктағы парақшасында мәлім етілді. 
«Алматы әуежайына тоқтаған Азаматтық авиацияның екі борты Мәскеуден 55 тонна медициналық дәрі-дәрмек жеткізді, онда коронавирус инфекциясы мен пневмонияны емдеуге арналған, вирусқа қарсы және дене қызуын түсіретін препараттар, антикоагулянттар мен антибиотик бар. Жуырда  Қазақстан дәріханаларына 150 мыңға жуық азитромицин таблеткасы, миллионға жуық цефтриаксон, тамифлю препаратының 150 мың пакеті, арбидолдың 50 мың орамасы және арнайы рейстермен келген басқа да қажетті медициналық препарат түседі. Бұл дәрі-дәрмек бір айға жеткілікті. Келген дәрі-дәрмектер біркелкі үлестіріліп, жақын күндері өңірлерге жедел жеткізіледі» деп хабарланған жазбада.
Осы борт келесі аптада Үндістаннан да дәрі-дәрмек тасымалдайды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін арттыру және дәрі-дәрмектерге барлық қажеттілікті жабу мақсатында мұндай іс-шаралар ай сайын ұйымдастырылатын болады.
Дәрі-дәрмекті азаматтық авиация комитетінің арнайы борттарымен жедел жеткізу – нарықты жоғары сұранысқа ие дәрі-дәрмекпен жедел қамтамасыз ету үшін Үкімет әзірлеген шаралардың бірі. Мұндай рейстер Қазақстандағы дәріхана желілерін тұрақты түрде дәрі-дәрмекпен толықтырып отырады.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
76 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
114 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
209 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
415 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»