8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Шілде 2020 1308 0
Қоғам

ОРАЛДА АПАТТЫ ҮЙЛЕР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУДЕ

Оралда осымен бірнеше жыл қатарынан мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында ескі үйлер бұзылып, орнына жаңасы тұрғызылып жатыр. Облыс орталығында пандемияға қарамастан бұл бағыттағы шаралар жалғасын табуда.


Мәселен, бірнеше күннен бері «Айталиев-2» және «Молодежная-1» мекенжайындағы қос қабатты екі үй сүрілуде. Орнына көп ұзамай көп қабатты су жаңа тұрғынжай бой көтеретін болады. Апатты үйлердің тұрғындары яғни 24 отбасы уақытша баспанаға көшірілген. Аталған аумақта жұмыс жасап жатқан құрылысшылардың айтуынша ескі баспананы бұзу жұмыстары шамамен 20 күн ішінде аяқталатын болады. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі» басшысының орынбасары Аслан Даубаевтың айтуынша, облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға коммуникация желілері тартылып, салушы кәсіпорын бұрынғы иелерінің бір бөлігіне осы жерден баспана береді. Ал қалғандарын нарықтағы бағаға сатады.

– Бұзылған үй тұрғындары уақытша «Политехническая-1» мекенжайындағы көп қабатты үйге көшірілді. Құрылыс жұмыстарымен шұғылданушы болып, «Болашақ-Т» мердігер құрылыс компаниясы табылады. Бүгінгі таңда ескі нысандарды бұзу жұмыстары жүргізілуде. Көп ұзамай жаңа үйдің іргесі қаланатын болады,– деді Аслан Даубаев.

Өткен жылы 6 апатты үй сүрілген болса, олардың орнына бүгінде 3 көп қабатты су жаңа баспана бой көтеруде. Құрылыс жұмыстары көп ұзамай аяқталады. Жыл соңына дейін тағы екі мекенжайдағы тозығы жеткен үйлер жойылатын болады. Бүгінде мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында «Болашақ Т», «Казхолл», «Альтаир», «СВС батыс» ЖШС сынды 14 құрылыс компаниясы жұмыс жасауда. Алдағы уақытта қалада өткен ғасырдың 50-60 жылдары салынған барлық үйлер бұзылатын болады.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
77 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
115 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
211 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
195 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»