ОРАЛДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАҒАЛАУЛАРДА РЕЙД ЖҮРГІЗУДЕ
Шілденің шіліңгірі жасты да кәріні де, дана мен баланы да титықтатып тұр. Тұрғындар аптап ыстықтан қорғану үшін суға шомылу орындарын жағалауда.

Алайда, суға шомылуға барған азаматтардың суда шомылу ережелеріне мән бермей, соңы қайғылы жағдайларға алып келіп жатқаны аз емес. Мысалы, жуықта Шаған полиция бөліміне қарасты су қоймасына шомылуға барған 3 жасөспірім суға батып кеткен болатын. Осыған орай, Шаған Пб ЖПҚб ЮПт инспекторлары қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен, судан құтқару жасағымен бірлесіп, рейдтер өткізді. Жағалаудағы тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізді. Инспекторлар тұрғындардың кешке қарай өзенге барып, шомылатындарын, көпшіліктің сақтық ережелеріне құлақ аспайтынын айтуда. Тәртіп сақшылары жадынамалар таратты. Алдағы күндері Орал қаласының әкімдігі мен Орал қаласы Полиция басқармасы бірлесіп, судағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын талап ету мақсатында кешенді тексерістер өткізуді жоспарлады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу