БҚО-ДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМГЕ ЖҮГІНУШІЛЕР 7,7 ЕСЕГЕ АРТТЫ
БҚО бойынша коронавирус жұқпасының 1431 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта инфекциялық стационарда 512 науқас стационарлық ем алуда. Олардың 13-і бала, 13-і жүкті әйел. Ем алып атқандардың жағдайы туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов баяндады.

Пациенттердің 19-ында ауру жеңіл деңгейде болса, 435 науқастың ауруы ауырлығы орташа деңгейде, 58 науқастың жағдайы ауыр. Ем алып жатқандардың 349-ынан пневмония анықталған, тоғызы – бала. 14 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Барлығы ересектер. Емдеу диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілуде.
Қосымша көпбейінді қалалық аурухана базасынан 389 инфекциялық кереует, Ақжайық аудандық ауруханасында 30, Бөрлі аудандық ауруханасында 30, Бәйтерек ауданында 6 кереует дайындалған. Екі күндік демалыста 86 науқас стационарларға жеткізілді. Облыстың бас дәрігерінің сөзінше, бүгінде жедел медициналық жәрдемге жүгінушілер 7,7 есеге артқан. Мәселен, демалыс күні жедел жәрдемге 1000-нан аса шақырту түскен.
Бүгінде коронавирус инфекциясынан 893 адам жазылып шықты, 7 өлім жағдайы тіркелді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу