8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Маусым 2020 1245 0
Өзек

ОРАЛДА БЕС АЙ ІШІНДЕ 51 КӨЛІКТІ АЙДАП КЕТУ ФАКТІСІ ТІРКЕЛДІ

Соңғы кездері қала аумағында жеңіл көліктердің қуылып айдалып кету фактілері жиіледі. 2020 жылдың 5 айында қала ішінде 51 көлік айдап кету фактісі тіркеліп, көпшілігі ізі суымай ашылды. Полиция қызметкерлері уақытпен санаспай іздеп тапқан көліктердің барлығы өз иелеріне қайтарды. Бүгінгі күні 5 факті ғана ашылмай отыр.  Бұл бағытта КПб жедел уәкілдері тынымсыз іздеу жұмыстарын жалғастыруда.


Орал қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Нұрлан Бисенов көктем мезгілінде қала орталығы мен «Зачаганск» ауданында 1 аптада 9 көлікті қуып айдап кеткен тұлғаның құрықталғанын айтты. Ол әуелі отандық көліктерді қозғап, дабылдатқышы бар-жоғын тексерген. Содан кейін терезесін сындырады. Терезе сындырғанда дабылдатқышы ойнамаса, салон ішіне отырып, айдап, қаланы шарлап аралап, қыдырып жүрген. Дабылдатқышы ойнай қалса, оқиға орнынан бой тасалаған.

Статистика көрсеткендей, күдіктілер көп ретте отандық көліктерді олжалайтын көрінеді. «ВАЗ», «Лада», «Пассат» маркалы көліктер жиі қуылып, оңай олжа тапқыш жігіттердің нысанасына айналған екен.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерден көліктерін кешкұрым қараусыз қалдырмауларын, кез-келген жерге тастап кетпеулерін, арнайы автотұрақтарға қоюларын сұрайды. Осы күнге дейін автотұрақтардан көлік айдалып қуылды деген факті мүлдем тіркелмеген. Ал көлік қолды болған жағдайда иелерінің лезде полицияға телефон соғуларын сұрайды. Кейбір азаматтар өз беттерінше іздеп, түк шықпағасын соңынан шаршап-шалдығып полицияға хабарласады екен. 2-3 күннен соң хабарласса уақыт өткізіп алатыны, жоғалған көлікті іздеуде, табуда қиындық туғызатыны жасырын емес. Кейбір ұрланған көліктерді белгісіз бағытқа қуып кеткен тұлғалар көліктерді бөлшектеп, автомобильдердің арнайы қосалқы бөлшектерін сатып алатын орындарға тапсырып жіберетіні тағы бар. Дөңгелектерін, айнасын, әйнектерін бір-бірлеп асықпай бұзып, тапсырып үлгереді.
Таяуда Шаған Пб қызметкерлері өзгенің уысында кете барған, Атырауға дейін қуылып айдалған көлікті тапты. Жедел уәкілдердің жіті қимылы мен тынымсыз ізденістері зая кетпеді. Жеңіл көліктердің айдалып кету фактілерінің жолын кесу, тосқауыл қою мақсатында көлік иелерінің көліктеріне мұқият қарап, арнайы автотұрақтарға қоюлары сұралады немесе дабылдатқыш қондырғылармен жабдықтар, құрылғылар орнатулары қажет.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»